Теміртау

Рухани жаңғыру – болашақ кепілі

    Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын насихаттау бойынша Теміртау қаласының арнайы орта оқу орындарының студенттері арасында байқау өтті.

Сайыста Елбасының бағдарламалық мақаласындағы негізгі идеялар мен жобаларды жастар арасында насихаттау көзделді. Өскелең ұрпақтың ұлттық санасын жаңғыртуға атсалысу мақсаты қойылды. Байқауға құрыш қаладағы индустриалды-техникалық колледж, медициналық колледж, техникалық колледж, политехникалық колледж, кәсіптік-техникалық колледж және КарМИУ жанындағы техника-экономикалық колледжінің студенттері Елбасы мақаласы бойынша өз білімдерін сарапқа салды. Колледж студенттері «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы алты жоба бойынша тапсырмаларды орындап, қосымша сұрақтарға жауап берді.Тарихи құжаттағы негізгі идеялар негізінде жобаларды әртүрлі форматта қызықты қорғап шықты.

Сайыста политехникалық колледждің «Мұрагер» командасы «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» атты жобасын ұсынып, байқаудың жеңімпазы атанды. «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын қорғаған ҚарМИУ жанындағы техника-экономикалық колледждің «ТЭК Алға» командасы ІІ орынды иеленді. Кәсіптік-техникалық колледждің «Жас Алаш» командасы «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасымен ІІІ орынды иеленді. Байқау жүлдегерлеріне Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығының атынан дипломдар табысталды.

Аяулым СОВЕТ

ТЕМІРТАУ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button