Бас тақырып

Өртенген алқап өңделеді

Биыл Қарағанды орман шаруашылығында өрттен кейін 40 гектардан астам жер тазартылады. Кірпіш зауыты маңында тазартылған аумаққа болашақта жаңа көшеттер отырғызылмақ.

Есте болса, өткен жылдың жазында аталған аумақта өрт тіркелген. Қазір мұндағы өрт орындары тыңайтылып, орнын қайта абаттандыру жоспары бар. Орманшылар бүгінгі таңда екі гектар жерді тазартып үлгерген.

– Алқаптарды тазартқан соң, өртенген ағаш діңгектерін жою жоспарлануда. Әрі қарай, жұмыс жобасы жасалады. Содан кейін екі жылдық топырақты өңдейді. Жобада отырғызу схемалары, отырғызылатын тұқымның ассортименті және отырғызылатын көшеттер мөлшері көрсетіледі. Алғашқы көшеттерді отырғызу 2026 жылға жоспарланып отыр, – деді табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Бақтияр Санбаев.

Жан АМАНТАЙ.

Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button