Өрт сөндірушілерде – жаңа техника

Жыл сайын аудандағы азаматтық қорғау қызметтерінің материалдық-техникалық базасы жаңартылып келеді. Мəселен, таяуда Қарқаралы ауданы төтенше жағдайлар бөліміне жаңа техника берілді. Бұл мамандарға өздеріне жүктелген міндеттерді тиімді əрі сапалы орындауға мүмкіндік бермек.

Қала басындағы өрт сөндіру бөлімі арнайы өрт сөндіру көлігі мен тіркемелі өрт сөндіру модулімен толықты. Тура осындай арнайы техникалар Егіндібұлақ селосының өрт сөндіру бөліміне де берілді.

– Аудандық өрт сөндіру бөлімі аудан аумағында орын алатын дала жəне орман өртіне жауапты. Сондай-ақ, шалғайдағы ауылдар да назардан тыс қалмайды. Өрт қауіпсіздігін сақтау жəне алдын алу мақсатында ауылдық округтердің барлығына дерлік өрт сөндіру модульдары берілуде. Мəселен, жақында Абай ауылдық округіне тура осындай тіркемелі цистернасы бар өрт сөндіру модулі берілмек. Жалпы, былтырғы құрғақ ауа райына байланысты дала өрті жиі болды. Осындай төтенше жағдайлардың алдын алуда өрт сөндіру бөлімдерін жылма жыл заманауи жаңа техникамен қамтамасыз етіп отыру маңызды, – дейді аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы Нұршат Қайыр.

Қарқаралы ауданының аумағында мемлекеттік ұлттық табиғи паркі орналасқан. Əрі елді мекендер арасының алшақтығы өрт оқиғаларының алдын алуда қиындық тудыратыны сөзсіз. Дегенмен, төтенше жағдайда аудандық өрт сөндіру бөлімі лайықты қызмет көрсетуде. Оған ауылдарға берілген өрт сөндіру модульдері сеп болатыны анық.

Сағыныш ƏБІЛ,
Ortalyq.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.