Бас тақырып

Құрметті полиция қызметкерлері мен сала ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мереке – Полиция күнімен шын жүректен құттықтаймыз.

1992 жылғы 23 мау­сымда Қазақстан Рес­публикасының Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Рес­пуб­ликасының Ішкі істер органдары туралы» заңды қабылдаған болатын. Бұл біздің мемлекетіміздің та­рихындағы ерекше маңызға ие оқиға.

Сурет almaty.tv

Бүгінгі таңда сіздер жоғары кәсібиліктеріңіз бен қызметке де­ген адалдықтарыңыздың арқасында өздеріңізге жүктелген міндетті абыроймен атқарып келесіздер.

Күн сайын учаскелік инспекторлар, тергеу­шілер, жедел уәкілдер мен криминалистер қоғамның қауіпсіздігі мен заңның үстемдігін қамтамасыз ете отырып, қылмыстардың алдын алады.

Осы күнге орай біз сіздерге мамандыққа адалдықтарыңыз үшін алғыс білдіреміз. Сіздердің қыз­мет барысында танытатын қажыр-қайрат пен жігерлеріңіз, батылдықтарыңыз азаматтарымыздың өмірін сақтап, жас ұрпаққа үлгі-өнеге болуда.

Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңыз­ға бақ-береке, қызметте­ріңізге табыс тілейміз!

Мереке құтты болсын!

Ермағанбет БӨЛЕКПАЕВ,
Қарағанды облысының әкімі.

Нұркен КОБЖАНОВ,
Қарағанды облыстық мәслихатының төрағасы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button