Ресми

Құрметті қарағандылықтар!

Сіздерді келе жатқан Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймыз! Бұл күн біздің еліміз үшін маңызды, өйткені 31 жыл бұрын Тәуелсіз Қазақстанның Қарулы Күштері құрылған болатын. Бүгінгі Қарулы Күштер ежелгі дәуірден бастау алған Ұлы дала батыр­ларының даңқты тарихының жалғасы.

Суреттер: облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

Еліміздің қорғаныс қабілетін арттыру біздің шекарамыздың мызғымастығын және аспанымыздың ашық болуын қамтамасыз етеді. Біз еліміздің бейбітшілігі мен қауіпсіздігі үшін өз өмірін қиған аталарымыздың ерлігін жадымызда сақтауымыз керек.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің күні бұл біздің Отанымызды қорғау­шылардың мерекесі ғана емес, сонымен қатар өскелең ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеудің бір жолы. Біз Отан қорғаушыларымызға деген құрметімізді ұрпақтар сабақтастығы арқылы жастар­ымыздың бойына сіңіре отыр­ып, олардың өз елінің тарихы мен әскери салттарын білуіне ықпал етуіміз керек.

Құрметті Отан қорғаушылар!

Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтай отырып, барлықтарыңызға зор денсаулық, қызметтеріңізге табыс тілейміз. Еліміздің аспаны әрқашан ашық болсын! Отан қорғау­шылар күні құтты болсын!

Ермағанбет БӨЛЕКПАЕВ,
Қарағанды облысының әкімі.

Нұркен ҚОБЖАНОВ,
Қарағанды облыстық мәслихатының төрағасы.

Басқа материалдар

Back to top button