Жаңалықтар

Құрметті Қарағанды қаласының тұрғындары және қала қонақтары!

Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Тәуелсіз мемлекетіміз үшін бұл – маңызы зор мерекелердің бірі. Бейбіт өмірді, келісім мен тұрақтылықты басты құндылық санайтын барлық қазақстандықтар үшін осы мерекенің мән-мағынасы жоғары.
Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі барлық қазақстандықтардың достығы, ынтымақтастығы мен жасампаздығының белгісі болып табылады. Қоғамымыздағы бірлік, келісім және бейбітшілік – тәуелсіздік жылдарында қалыптасқан біздің басты жетістігіміз және көп ұлтты еліміз үшін басты бағдарымыз. Елбасымыз атап өткендей: «Бiз әлемге бiрлiгiмiз бен тәуелсiздiкке деген ерiк-жiгерiмiздi, азаматтығымыз бен отансүйгiштiгiмiздi паш етуге тиiспiз». Осы құндылықтар – Қазақстан Республикасы Конституциясының мызғымас нормалары мен гүлденген мемлекетіміздің тұрақтылығының негізі.
Бірлескен еңбек арқылы аға буынның үлесіне түскен қиындықтарды жеңіп, республика халқының ұлы қауымдастығы қалыптастырылып, оның заманауи бейнесі сомдалды. Елімізде 100-ден астам ұлт өкілдері бейбіт өмір сүруде, 600-ден астам этномәдени бірлестіктер қызмет атқаруда, олардың әрқайсысына туған тілін оқып-білуге, ұлттық мәдениеті мен салт-дәстүрін жандандыру мен дамытуға тең мүмкіндіктер берілген. Ұлтаралық қарым-қатынастар саласында мемлекеттік саясатты табысты іске асыратын қоғамдық институттардың бірі – Қазақстан халқы Ассамблеясының еліміздегі бейбітшілік пен келісімді тұрақтандыруға қосар үлесі ерекше.

Құрметті жерлестер!

Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күнімен шынайы құттықтау сөздерін қабыл алыңыздар!
Барлықтарыңызға зор денсаулық, көктемдей шуақты көңіл-күй, еңбекте табыс, отбасыларыңызға мол бақыт тілейміз. Туған жеріміздегі бейбітшілік, достық және өзара түсіністік пен сыйластықтың баянды болуына тілектеспіз!

Н.ӘУБӘКІРОВ,
Қарағанды қаласының әкімі.
Қ.БЕКСҰЛТАНОВ,
қалалық мәслихаттың
хатшысы.

Басқа материалдар

Back to top button