Шет

Құрмет құшағында

    Шет ауданы орталығындағы «Мерей» дәмханасында Қариялар күні мерекесіне орай ақ дастарқан жайылды. Аталған шараға ауданда тұратын еңбек ардагерлері, тыл еңбеккерлері, ауыл ақсақалдары мен әжелер шақырылды.

Мерекелік дастарқан басында аудан әкімі М.Жандәулетов Елбасы саясатының не­гізінде елімізде қарияларға қамқорлық күшейе түскенін тілге тиек етіп, жылы ле­бізін жолдады.

– Сіздер – еліміздің алтын қорысыздар. Саналы ғұмырларыңызды, қажыр-қайраттарыңызды ел игілігіне, ұрпақ тәр­биесіне жұмсадыңыздар. Өздеріңіз іргетасын қалаған ауданымыздың дамуына қосқан үлестеріңіз аз емес. Жастарға Отанымызға адал, қалтқысыз қызмет етудің жарқын үлгісін көрсетіп, кейінгі ұрпаққа лайықты өнеге болып отырсыз­дар, – деді аудан әкімі.

Сондай-ақ, аудандық мәс­­лихат хатшысы Б.Төлеу­құлов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Сейілбеков, аудан әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрайымы Р.Төлегенова құттықтау сөздерін жеткізді.

Ауыл ақсақалы Ермек Байжанов, Майкен апа ардагерлер атынан сөз алып, өздеріне көрсетіліп отырған құрметке зор алғыстарын білдіріп, аудан әкімдігінің жұмысына табыс тіледі.

Шара соңы аудандық мәде­ни-сауық орталығының өнер­паздары дайындаған концертке ұласты.

М.ДӘУЛЕТБЕКҰЛЫ.

ШЕТ ауданы.

Басқа материалдар

Back to top button