Спорт
Әріптесіміздің ұлы жеңіс тұғырында
Наурыз мейрамына орай Шахтинск қаласында өткен облыстық ашық чемпионатта әріптесіміз Айсұлтан Жақыптың ұлы Ринат Мұхамедия ауыр атлетикадан 3 орынға ие болып, жеңіс тұғырынан көрінді.
Жарысқа Қарағанды, Майқұдық, Теміртау, Шахтинск ауыр атлетика мектептерінің 17 жасқа дейінгі жасөспірімдері қатысты. Ринат Мұхамедия жұлқа көтеруден 65 келі, серпе көтеруден 90 келі бағындырып, жалпы жиынтығы 155 келі көтерді.
Ринат С.Саттаров атындағы №57 мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы. Ол ауыр атлетикамен 2023 жылдың қазан айынан бастап айналысады. Ринаттың жаттықтырушысы – Сергей Федотович. Әлия Молдағұлова атындағы облыстық мамандандырылған олимпиадалық резервтегі мектеп-интернат-колледжінде дайындалады.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
ortalyq.kz