Спорт

Ақынның немересі – Азия чемпионы!

Ақтөбеден Арқаға сүйіншілі хабар жетті. Ақын, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері Серік Ақсұңқарұлының немересі Халифат Рауанұлы Ақсұңқар жекпе-жектің Грэпплинг (рингтегі күрес) түрінен Азия чемпионы атанды. Байрақты бәсеке Ақтөбе қаласының «Жекпе-жек сарайы» спорт кешенінде өтіп жатыр.

Суреттер: Спортшының әлеуметтік желідегі парақшасынан

Ертең қорытындыланатын құрлық бәсекесінде Халифат Ақсұңқар 66 кг салмақ дәрежесінде қарсылас шақ келтірмей, жеңіс тұғырынан көрінді. Ақжолтай жерлесіміздің өз бапкері – Айбар Оразалы. Сонымен қатар, оның рингтегі техникасына қызыққан бразилиялық қос бапкер Карлос Фариас пен Лукас Сильва Халифатты бірлесе жаттықтырған екен.

Жекпе-жектің «Кілемдегі шахмат» аталатын бұл түрі – самбо, дзюдо, еркін күрес және джиу-джитсу ережелерінің негізінде жасалған аралас бәсеке. Яғни, өте күрделі жекпе-жек.

Қалай болғанда да, көпке таңсық жекпе-жек өнерінің қыр-сырын, әдіс-тәсілін жетік меңгерген Халифат Ақсұңқар қазақ халқының жауынгерлік өнердің жаужүрегі екенін Азия құрлығына мойындатты. Грэпплинг танымал спорт түрі саналатын елдердің сайыпқырандарын сан соқтырды.

Жеңіс құтты болсын, Арқа жұрты!

Ербол ЕРБОЛАТ,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button