АймақСаран

Референдум: топарлықтар да таңдауын жасауда

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 6 қазан елімізде АЭС салу жөніндегі референдум күні болып белгіленген. Соған байланысты Абай ауданының Топар кентінде де 5 референдум учаскесі құрылып, соның бірі 431-учаскеде таңғы сағат 7-ден дауыс беру басталды.

Суреттер автордан

   Ең бірінші болып өзінің таңдауын жасап,дауыс берген Әсима Шүленбаеваға сыйлық берілді. Оның соңынан келіп дауыс берушілер көбейе түсуде.

  Бұл учаскеде 1 347 дауыс беруші тіркелсе, соның 10-ы үйінде отырып дауыс береді. Олар үшін бұл жерде бір-бір қаптан ұн мен қант ұтысқа шығарылып, лотерея ойнатылуда. Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандар үшін пантус орнатылған.

Ержан Имаш,

Абай ауданы

Басқа материалдар

Back to top button