АймақАқтоғай

Референдум ауданда ұйымшылдықпен өтуде

Ақтоғай ауданының тұрғындары да бүгінгі референдумда белсенділік танытуда. Таңғы сағат 7:00-ден бастап референдум учаскесіне келушілердің саны артқан.

Сурет автордан

Бұл жергілікті халықтың ел үшін қабылданатын шешімге бейжай қарамайтындығын көрсетеді. Ақтоғай аудандық референдум комиссиясының төрағасы Алтай Баймағанбетұлының айтуынша, республикалық референдумды әзірлеу мен өткізу жөніндегі мәселелер бойынша аудандық референдум комиссиясы кезекті отырысын өткізіп, тиісті шешімдерді уақытында қабылдаған.

– Бүгін республикалық референдумға қатысушылардың белсенділігін көріп көңілім қуанды. Айта кетейік, осы науқанға 39 референдум комиссиясы қатысуда. Оның ішінде 1 аумақтық және 38 учаскелік референдум комиссиясы қамтылып, барлығы 213 комиссия мүшелері жұмылдырылған. Ақтоғай аудандық референдум комиссиясы кезекті отырысында комиссия құрамымен және мүшелеріннің біліктілігін артыру мақсатында оқыту мәселелері пысықталды. Нәтижесінде облыстық, аудандық референдум комиссияларының қатысуымен оқу оффлайн форматта қалыптасқан оқытудың каскадты әдісін тұрақты негізде қолдана отырып ұйымдастырып өткізу бағытында тиісті жоспар бекітілді. Осы аталған оқу-семинарлары облыстық сайлау комиссияларының қатысуымен және аудандық референдум комиссияларының қатысуымен ұйымдастырылып өткізілді. Ақпараттық баннер әзірленіп, ауыл, кент, ауылдық округтердің орталық көшелеріне орналастырылды. Оның ішінде 1 ауыл, 2 кент, 13 ауылдық округ қамтылды. Референдум учаскелерінің ғимараты алдына ақпараттық күнтізбелік баннер әзірленіп, ілінді. Аумақтық референдум комиссиясының интернет-ресурсында және арнайы ашылған әлеуметтік желіде ақпараттар жарияланды. Талапқа сәйкес дауыс беруге арналған үй-жайлар мен дауыс беру пунктері материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілген, – дейді Ақтоғай аудандық референдум комиссиясының төрағасы Алтай Баймағанбетұлы.

Сонымен қатар, комиссия мүшелері мен бақылаушылар референдумды ұйымдастыру деңгейінің жоғарылығы мен қатысушылар белсенділігін атап өтті.

Нұрдос КӘРІМ,
Ақтоғай ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button