Спорт

Расул Асанханов – әлем чемпионатының қола жүлдегері

Қарағандылық ауыр салмақтағы боксшы жастар арасындағы әлем чемпионатында жүлдегер атанды. Черногория астанасы Будва қаласында өткен чемпионатта Әлия Молдағұлова атындағы олимпиадалық резерв мектеп-интернат-колледжінің студенті Расул Асанханов 92 келі салмақ дәрежесінде қола жүлдеге қол жеткізді.

Сурет дене шынықтыру және спорт басқармасынан

Ол ширек финалда қытайлық Куо Чаомен кездесіп, жекпе-жек қарағандылық боксшының жеңісімен аяқталған болатын. Жартылай финалда Р.Асанханов ауыр салмақтағы өзбекстандық Халимжон Мамасолиевтен айласын асыра алмады. Осылайша қарсыласы әлем чемпионатының финалисті атанып, алтынға таласса, Расул Асанханов жастар арасындағы әлем чемпионатындағы өнерін қола медальмен аяқтады.

Ол Дархан Дүйсембековтің қол астында жаттығады. Естеріңізге сала кетейік, биыл боксшы Астанада өткен Азия чемпионатында да қола жүлдегер атанған болатын.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button