Приозерск
Әр мәселе – назарда
Қала әкімі Қайрат ҚАМЗИН «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдауға келген азаматтардың мәселелері әр түрлі – үй мәселесі, коммуналдық және тағы басқа мәселелер.
Қала әкімі әрбір мәселе бойынша шешім қабылдайтынын айтты.
«Нұр Отан» партиясының қабылдау бөлмелері – тұрғындарға заң аясында кеңес беріліп, түрлі қабылдаулар өткізетін және де ойларын бөлісетін, бір сөзбен айтқанда, халық пен биліктің арасында алтын көпірге айналған ашық алаң.
Қала әкімінің
баспасөз қызметі.
ПРИОЗЕРСК қаласы.