Ресми

Әр азамат шет қалмауы тиіс

Ел үшін аса маңызды саяси оқиға аудан, қала әкімдерін сайлауға қатысты қазіргі таңда жер-жерде дайындық жұмыстары жанданды. Соның ішінде, Ақтоғай ауданы да бар. Ақтоғай ауданы әкімін пилоттық режимде сайлауға дайындық мәселелері ұдайы назарда. Атап айтқанда, Ақтоғай аудандық сайлау комиссиясы кезекті отырысын өткізді. Онда сайлау округтерін құру туралы тиісті шешімдер қабылданды. Саяси науқанның күнтізбелік жоспарын, аумақтық, учаскелік сайлау комиссия­ларының ұқсас жоспарларын, ақпараттық сүйемелдеудің медиа-жоспарын, сайлауды жариялаудың контент-жоспарын әзірлеп бекітті.

Аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының құрамы, сайлау учаскелерінің шекаралары жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында, аумақтық сайлау комиссияларының интернет-ресурстарында және арнайы ашылған Facebook әлеуметтік желілерінде жарияланады. Осы аталған барлық жарияланымдар сайлау заңнамасында көзделген.

Аудан бойынша сайлауға 39 сайлау комиссиясы, оның ішінде, 1 аумақтық және 38 учаскелік сайлау комиссиясы жұмылдырылады. Олардың құрамында 213 комиссия мүшесі бар. Аумақтық комиссияда 7 мүше, учаскелік комиссияда 206 мүше.

Ақтоғай аудандық сайлау комиссиясының кезекті отырысында комиссия құрамымен учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің біліктілігін арттыру мақсатында оқыту мәселелері пысықталды. Нәтижесінде облыстық, аудандық сайлау комиссияларының қатысуымен оқу оффлайн форматта қалыптас­қан оқытудың каскадты әдісін тұрақты негізде қолдана отырып, ұйымдастырып өткізу бағытында тиісті жоспар бекітілді. Осы аталған оқу-семинарлары өткізілуде.

Сонымен қатар сайлау комиссиялары мүшелерінің біліктілігін арттыру мақсатында онлайн форматта қашықтықтан оқыту және тестілеу жұмыстары жүргізілуде.

17 ақпараттық баннер әзірленді. Бүгінде 17 баннер кент, ауыл, ауылдық округтердің орталық көшелеріне орналастырылды. Оның ішінде, 1 ауыл, 2 кент, 13 ауылдық округ қамтылған. Сайлау учаскелерінің ғимараты алдына 38 ақпараттық баннер ілінді. Сайлаушыларды ақпараттандыру мақсатында шақыртулар мен инфографикалар таратылуда. БАҚ-та 3, аумақтық сайлау комиссия­сының интернет-ресурсында 22, арнайы ашылған әлеуметтік желіде 28 ақпараттық материал жарияланды.

Жалпы, аудан бойынша 2 кент, 1 ауыл, 13 ауылдық округ, барлығы 35 елді мекен, 38 сайлау учаскесі бар. Оның ішінде, сайлаушылар саны – 10 475 адам.

Сайлау учаскелері Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы бекіткен нұсқаулыққа сәйкес дауыс беруге арналған үй-жайлар мен дауыс беру пункттері материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілген. Сайлау учаскелері 7 қазаннан жұмысын бастады.

Дауыс беруге арналған үй-жайды жабдықтау кезінде мүмкіндігі шектеулі сайлаушыларға пандустарды, сонымен қатар, көру, есту қабілеті төмен сайлаушылар үшін қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету қарастырылған. Аудио файлдар, субтитрлер, бейне, брайль қарпі, компьютер экранының көмегіне жүгінетін сайлаушылар жоқ.

Ақтоғай ауданы әкімінің пилоттық режимде өтетін сайлауы – бұл аудан тұрғындарының сенімін еселейтін маңызды саяси науқан. Сайлау – ауданымыздың ертеңін айқындайтын ауқымды шара. Ол мемлекеттік жүйенің, мемлекеттің қызметіне қоғамдық бақылау жасауға мүмкіндік береді. Өңіріміздің ертеңі үшін әрбір азамат шет қалмауы керек.

Ж.РАЙЫМБЕКОВ,
Ақтоғай аудандық сайлау комиссиясының төрағасы

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button