Жаңалықтар

«Qarmet» АҚ кәсіпорындарынан жанар-жағармай ұрлағандар ұсталды

Жедел ақпаратты жүзеге асыру барысында Ақмола облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы «Qarmet» АҚ өкілдігінің аумағынан жанар-жағармай материалдарын ұрлау бойынша қылмыстық схеманы жолға қойған адамдар тобының заңсыз әрекетінің жолын кесті.

Сурет: polisia.kz

Топ мүшелері өздерінің бұл әрекеттерін ұзақ уақыт бойы жүзеге асырғаны анықталды. Жәбірленуші тараптың мәліметтері бойынша олардың кесірінен кәсіпорынға 50 млн теңгеден астам сомаға шығын келтірілген.

– Бұдан басқа, «Qarmet» АҚ қауіпсіздік қызметімен бірлесіп, кәсіпорын қызметкерлерінің, оның ішінде күзет қызметінің жанар-жағармай жымқыруға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Тінту іс-шаралары барысында ұсталғандардан 5,5 тоннаға жуық дизель отыны, ірі көлемде қаражат және іс бойынша өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді. Барлық күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button