Жаңалықтар

Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу қалай өтуде?

2021 жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстанда 2.0 Президенттік Жастар кадрлық резервіне іріктеу басталды, оған 8 мыңнан астам кандидат, оның ішінде – дәрігерлер, мұғалімдер, өнеркәсіп, бизнес салаларының өкілдері және т. б. өтініштерін берді.

Резервке үміткерлер арасында Мемлекеттік басқаруды дамыту бағыты ең танымал болды. Мұнда барлық өтінімдердің 37% – ы, бұдан азы 29% – ы білім беру жүйесін дамытуға берілді.

Бүгінгі күні іріктеудің үш кезеңі өткізілді: құжаттарды қабылдау, ауызша және сандық тестілеу және оларды верификациялау, ситуациялық тапсырмаларды шешу.

Байқауға қатысу үшін https://pkrezerv.gov.kz/ сайтта тіркеліп, бірнеше ақпараттық өрістерді толтырып, тиісті құжаттардың көшірмелерін тіркеу қажет болды.

Бірақ екінші кезең іріктеудегі ең қиыны болды. Ауызша және сандық тесттер – бұл күрделі мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін анықтауға арналған тесттер. Ұсынылған тапсырмаларда үміткердің ақпаратты қалай тез ойлау, түсіну және талдау, зейін қою, логикалық ойлау қабілеті тексеріледі.

Одан кейін, іріктеуге қатысқандардың жалпы санының 6% – ы ғана «Ситуациялық тапсырмаларды шешу» 3 кезеңіне жіберілді. Мұнда үміткерлер белгілі бір мәселелерді таңдалған салалық бағытқа сәйкес шешу бойынша өз көзқарастарын көрсете алды.

Кезең онлайн-платформада эссе жазу форматында өтті. Бұл тапсырманы қатысушылардың жартысынан азы – 46% орындады, олар «құзыреттерді бағалау» келесі қадамына жіберілді.

Бұл кезең екі блоктан тұрады: ассессмент-орталық және құзыреттер бойынша сұхбат.

Ассесмент-орталық арқылы бағалау-бұл уақыт бойынша ең ұзақ рәсім (6-дан 8 сағатқа дейін). Ол үміткерлердің стратегиялық ойлау, белсенділік, іс-әрекетті басқару, командалық көшбасшылық, сенімділік сияқты мінез-құлық көрсеткіштерінің жиынтығы арқылы құзыреттілігін анықтауға және бағалауға бағытталған.

Құзыреттілікті бағалаудың осы блогы кандидаттардың мінез-құлқын сертификатталған бағалаушы — асессор-бағалаушылар бақылайтын топтық және жеке жаттығуларды қамтиды. Осы жаттығулардың әрқайсысында үміткерлер шектеулі уақыт ішінде арнайы буклеттегі ақпараттық материалдарды талдау негізінде өзекті аймақтық мәселені шешуді ұсынуы керек.

Ассесмент-орталықтың барлық рәсімдерін ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының сертификатталған сарапшы-бағалаушылар командасы жүргізеді, оған SHL Kazakhstan халықаралық консалтингтік компаниясының аса тәжірибелі қызметкерлерінен құралған супервизорлар көмектеседі. Сарапшылар мен супервизорлардың бүкіл командасы бағалаудың, соның ішінде 2019 жылғы ПЖКР-де жеткілікті тәжірибесіне ие.

25 қазанда «Құзыреттерді бағалау» кезеңінің бірінші блогы басталды, ассесмент-орталық. Бұл кезең Мемлекеттік басқару академиясының базасында оффлайн форматта өтеді және 30 қазанда аяқталады.

Ассесмент-орталықтың нәтижелері бойынша әрбір кандидатқа қысқаша есептер тұжырымдалып, олардың жеке кабинеттеріне орналастырылатын болады. Қорытындысы бойынша келесі бағалау блогына — құзыреттер бойынша сұхбатқа ең жақсы нәтиже көрсеткен 125 — тен аспайтын кандидат жіберіледі.

Бұл бағалау блогы еліміздің кәсіби HR-менеджерлерін тарта отырып, жеке терең сұхбат арқылы онлайн форматта жүргізілетін болады.

Сұхбаттағы сұрақтар үміткерлерге талап етілетін мінез-құлықты көрсететін немесе көрсетпейтін жағдайларды сипаттайтын нақты мысалдар келтіруге бағытталған. Әр құзіреттілік үшін сұрақтар бірнеше рет және бір жарым сағаттық сұхбаттың бірнеше бөлігінде осы құзіреттіліктің даму деңгейінің объективті көрінісін құру үшін қойылады.

ПЖКР жобасы шеңберінде сұхбат барысында кандидаттарға кандидаттардың ішкі уәждемесінің деңгейі және олардың құндылық бағдарларын айқындайтын құзыреттер туралы барынша объективті түсінік алуға мүмкіндік беретін сұрақтар қойылады.

Сұхбат нәтижелері бойынша іріктеудің келесі кезеңіне — Сараптамалық комиссиядағы әңгімелесуге ең жақсы нәтиже көрсеткен 100 — ден аспайтын кандидат жіберіледі. Президент Әкімшілігі қалыптастыратын Комиссия іріктеудің алдыңғы кезеңдерінен табысты өткен әрбір үміткермен жеке әңгімелесу өткізеді.

Кандидатуралар Сараптама комиссиясының отырысында қаралғанға дейін кандидаттар туралы беделін түсіретін мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы мәліметтер, оның ішінде уәкілетті мемлекеттік органдарға сұрау салу негізінде алдын ала жинау жүзеге асырылатын болады.

Сарапшылық комиссия әңгімелесу қорытындысы бойынша ашық дауыс беру арқылы резервке алуға ұсынылатын кандидаттардың тізімін қалыптастырады және кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссияның қарауына жібереді.

Іріктеудің қорытынды кезеңі – қатысушылардың кандидатураларын кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссияда қарау. Бұл кезеңге сараптама комиссиясы ұсынған ең жоғары балл жинаған қатысушылар жіберіледі.

Кадр резерві жөніндегі Ұлттық комиссия отырысының қорытындысы бойынша кандидаттарды Президенттік резервке қабылдау туралы шешім қабылданады, ол Президент Әкімшілігі Басшысының бұйрығымен рәсімделеді.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 2021 жылы Президенттік Жастар кадрлық резервіне екінші іріктеу жүргізеді. Біріншісі 2019 жылы өтті.

Жоба өмірлік мақсаттары мен қағидаттары қоғамға қызмет етуге бағытталған талантты, болашағы зор және өршіл жастар, өз саласындағы кәсіпқойлар арасынан мемлекеттік аппарат үшін топ менеджерлердің кадрлық резервін қалыптастыруға бағытталған.

Бұл жобада жеңілгендер болмайды. Біреу абсолютті жеңімпаз болады және резервке алынады. Біреу финалға жетпейді, бірақ бәрібір бірегей тәжірибе, жаңа білім алады, өзін тексереді және міндетті түрде кері байланыс алады, өзіне қандай құзыреттер жетіспейтінін, өз тәжірибесін, білімі мен дағдыларын қайда жетілдіру керектігін түсінетін болады. Бұл кейде жеңістен гөрі қымбат…

Қазақстан Республикасы

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Қарағанды облысы бойынша департаменті

Басқа материалдар

Back to top button