Жаңалықтар

Президенттің орталық штабы

Мен Қазақстан халқы Ассамблеясын Президентіміздің орталық штабы деп бағалаймын. Өйткені, Ассамблея мінберінде салмақталған мәселенің осалы жоқ. Сондай-ақ, Ассамблея құрылымы Қазақстандағы 17 миллионнан астам халықтың мүддесіне негізделген.

Шындығында, мен Ассамблея жұмысымен тығыз қарым-қатынаста болғаныммен, оның қызметінің мәні мен мазмұнын ғұмыр бойы сезініп келемін. Мен көпұлтты Қазақстанда тұрамын. Көп жылдар бойы алуан ұлт өкілдерінен жасақталған өндірістік ұжымдарды – учаске, шахта, СССР-дағы ірі өндірістік бірлестікті басқардым.

Ұлттық мәселе соншалықты нәзік мәселе екенін жақсы түсінемін. Абайсызда адамның ұлттық намысына тиіп кетуің мүмкін. Ал, оның ұлттық намысы наннан да қымбат болса ше?! Ұлт мәселесі – мемлекеттік деңгейде осындай нәзік.

Елімізде ҚР Президенті-Ұлт Көшбасшысының сабырлы саясаты арқасында ақылды ұлттық саясат жүргізіліп келеді. Біздің қоғамдағы бейбітшілік пен қоғамдық келісім – Мемлекет басшысының күнделікті тынымсыз еңбегінің жемісі. Елбасымыз­дың көрегендігі арқасында Тәуелсіздік жылдары қоғамдық сананы біріктіретін саяси ықпалдар мен өркениетті амалдар жасалды. Оның барлығы қоғамға енгізілді. Сол арқылы біздің ел бейбітшілік бесігіне айналды.

Қазақстан халқы Ассамблеясының әлемдік деңгейде баламасы жоқ. Оның биік мінберінен Ұлт Көшбасшысы өзінің стратегиялық жоспарларын, тың идеяларын, ел болашағы туралы көзқарастарын жариялады. Сонымен бірге, Ассамблея қарапайым халық пен билік арасындағы алтын көпір бола білді. Яғни, ел Тәуелсіздігін нығайтуда Ассамблея атқарған тарихи миссияның маңызы – орасан.

Алғашқы кезде этномәдени орталықтар өз ұлттарының тілі мен мәдениетін, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын жаңғырту, дәріптеу, дамытуды ғана көздеді. Ал, өткен 22 жыл ішінде Ассамблея мемлекетіміздің жалпыға ортақ ұлттық құндылықтарын – мемлекеттік тіл, Отан тарихы, қоғамдық сана, қазақстандық біртұтас ұлт мәселелерін жетілдіру міндеттерін тарихи жауапкершілікпен атқарды. ҚХА консультативтік-кеңестік органнан ішкі-сыртқы саясатқа ықпал ете алатын аса беделді саяси ұйымға айналды.

Ассамблея алаңында пісіп-жетілген конфессияаралық келісім мәселесі де қоғамдық маңызын дәлелдей білді. Тіпті, мәмлегер Астананың халықаралық қуымдастық назарына ұсынған маңызы зор мәлімдемелері алты құрлықтың «бас ауруына» айналған сын-қатерлердің емі болды. Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлтаралық келісім моделі шетелдік сарапшылардың қызығушылығын тудырып, әлемдік аренада тәжірибеге енгізілді.

Мұның барлығы – Ассамблея жасампаздығының айнасы!

Мен өзім туралы айтар болсам, қарапайым кеншіден бастап ірі өндірістік бірлестік басшысына дейінгі жолым Қазақстанда өтті. Тағдырыма ризамын!

Бүгінгі таңда ұлы өзгерістер алаңына айналған Қазақстанның даму қарқынын тілмен айтып жеткізу мүмкін емес. Экономикалық өрлеу, саяси реформа, рухани жаңғыру бағыттарында ерекше екпін болса, соның барлығында Ассамблеяның тарихи үлесі бар!

Мен – Қазақстанның патриотымын! Отанымды сүйемін!

Григорий ПРЕЗЕНТ,

өнеркәсіп саласының ардагері,

ҚХА мүшесі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button