Жаңалықтар

Президентпен – жарқын болашаққа

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында бірқатар маңызды бағыттарды атап өтті. Мен Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты, Nur Otan партиясының ҚОФ жанындағы білім және ғылым мәселелері жөніндегі қоғамдық өңірлік кеңестің төрағасы ретінде облыс сайлаушыларының назарын, педагогикалық және атааналар қоғамдастығының өкілдігін біздің азаматтарымыздың өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі кейбір аспектілерге аударғым келеді.

  1. «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорын құру. Ол денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау салаларындағы нақты мәселелерді шешумен айналысатын болады.

«Бұл қорға лотерея қызметі операторының, ұтыс өлшемдерін есепке алу орталығының және басқа монополистердің міндетті аударымдары жіберілетін болады. Әрине, біз айтарлықтай тұрақты аударымдарды күтеміз, мен ірі бизнес тарапынан Қорға тұрақты түсіп отыратын аударымдарды айтып отырмын. Тұңғыш Президенттің, Елбасының арқасында елімізде өте табысты компаниялар тобы, тіпті, халықаралық өлшемдер бойынша бай адамдар тобы пайда болды. Қазақстан халқына құрмет көрсетіп, оған жүйелі және тұрақты негізде көмектесетін уақыт жетті деп санаймын. Сондықтан, Үкімет компаниялар шеңберін анықтап, олармен Қорға салатын жыл сайынғы жарналар мөлшерін келісуі керек».  

  1. Екі ай ішінде халықтың табысын арттыру бағдарламасын әзірлеу. «Кешенді шаралар қабылдап, халықтың табысын арттыру бағдарламасын әзірлеу қажет. Жұмыс нақты және атаулы болуы керек. Әрбір басқару деңгейінде кедейлікті тө мендетудің нақты көрсеткіштерін белгілеу керек. Жұмысқа орналасуға мұқтаж азаматтардың нақты санын анықтау қажет».
  2. Әлеуметтік кодексті қабылдау. «Әлеуметтік кодекстің қабылдануын қамтамасыз еткен жөн. Осы құжат шеңберінде біз әлеуметтік саясатты пандемия сын-тегеуріндері мен жинақталған проблемаларды ескере отырып, жаңа болмысқа бейімдеуіміз керек. Әлеуметтік кодекс жаңа қоғамдық шарттың негізгі элементі болуға тиіс».
  3. Жұмыссыздықты, әсіресе, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендетуге ерекше назар аудару. «Жоғары оқу орындары мен колледждердің түлектері, білімі жоқ жастар тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие бола бермейді. Мұны біз білеміз. Көлденең тапқан жалақымен әйтеуір тіршілік етуде. Кейбіреулер табыс көзін іздеуде заңды бұзуы мүмкін. Үкіметке «Жастар практикасы» және «Алғашқы жұмыс орны» жобалары бойынша төлем мөлшері мен қатысу ұзақтығын арттыруды тапсырамын. Жастардың және халықтың осал топтарының іскерлік бастамаларын іске асыру үшін жағдай жасау маңызды».
  4. Саяси жаңғыру бағытын жалғастыру. «Жалпы, мемлекет пен қоғам арасындағы өзара қарым-қатынасты трансформациялау қажеттілігі пісіп-жетілді. Қоғамдық шарттың жаңа форматы қажет. Қазақстан саяси жаңғыру бағытын жалғастырады. Бұл менің принципті ұстанымым».

– «Митингтер туралы» жаңа заңнама іске қосылды;

– партиялар құру үшін тіркеу кедергісі және олардың Парламентке өту шегі төмендетілді;

 – Мәжіліс пен мәслихаттарда әйелдер мен жастардың өкілдігі кеңейтілді;

– парламенттік оппозиция институты енгізілді, сайлау бюллетеньдерінде «барлығына қарсымын» бағаны пайда болды;

– ел тарихында тұңғыш рет ауыл әкімдерін тікелей сайлауы өтті;

– адам құқықтарын қорғау саласында елеулі өзгерістер жүзеге асырылды.

  1. Гуманитарлық білімнің басымдығын техникалық білімнің пайдасына өзгерту. «Бәріміз білімге деген көзқарасты өзгертуіміз керек. Гуманитарлық мамандықтарды көбейту кезеңі өтті. Техникалық мамандықтарға басымдық беру керек. Өнеркәсіп инженерлерінің жаңа буынын өсіру керек».

Бұған дейін Мемлекет басшысы мұғалімдерге арналған арнайы бағдарлама әзірлеуді, сондай-ақ, 2025 жылға дейін елімізде беделді шетелдік жоғары оқу орындарының бес филиалын ашуды тапсырды.

Осы күндері біз көптеген қиындықтарды бастан кешкенімізді айтқым келеді. Жалпыадамзаттық құндылықтарды түсінудің маңыздылығында көп нәрсе өзгерді. Біздің табысты өміріміздің екі аспектісіне толық сенімдімін! Мемлекет:

– өзінің негізгі функцияларын толық және сапалы орындалуын қамтамасыз ету керек;

– заңдылықтар мен құқықтық тәртіптің сақталуына кепілдік беру керек;

– меншік құқығы мен қауіпсіздігінің, азаматтар құқығының қорғалуына кепілдік беруі тиіс;

– әлеуметтік игіліктер мен сапалы мемлекеттік қызметтерді қамтамасыз ету қажет. Бизнес және азаматтар:

– заңнамалардың сақталуына жауапты болулары керек;

– қоғамдық мінез-құлық нормаларын сақтауға жауапты болулары керек;

– салықтарды әділ төлеуге жауаптылықта болулары тиіс;

– еңбек қатынастарының ашықтығы үшін жауапты болулары керек.

Саяси реформалардың жаңа пакеті, бірізді өзгерістер бағдарламасы азаматтық қоғаммен және сарапшылармен ауқымды әрі сындарлы диалог негізінде дайындалатынына нық сенімдімін.

Айман ТҮКБАЕВА, Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты, Nur Otan партиясы ҚОФ жанындағы білім және ғылым мәселелері жөніндегі қоғамдық өңірлік кеңестің төрағасы.

Басқа материалдар

Back to top button