Папилломадан вакцина құтқарады
Биылдан бастап адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакцинация Ұлттық профилактикалық егу күнтізбесіне енгізілмек. Соған сәйкес, өңірде биылғы жылдың күзінен бастап 11 жастағы қыздарға вакцинация жүргізуді жоспарлап отыр. Вирусқа қарсы вакцинация 6 айлық пен 11 жас аралығындағы қыздарға екі рет жасалады.
Адам папилломасы вирусы – дененің әртүрлі бөліктерінің терісі мен шырышты қабықтарын зақымдайтын вирус түрі. Мамандардың сөзіне сүйенсек, аталған вирус адамнан адамға түрлі жолдармен жұғады-мыс. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының мамандары:
– Вакциналаудың негізгі мақсаты – әйелдерді жатыр мойны обырынан қорғау. Вирус – қол алысу, сүйісу, терінің зақымдануы арқылы жұғуы мүмкін. Вирус ылғалды ортада тез таралады. Сондықтан, қоғамдық орындарға, саунаға, спортзалға, дәретханалар мен бассейнге барғанда мұқият болу керек. Әрі, жыныстық жолмен берілетін вирустардың онкогендік түрлері жыныс мүшелерінде сүйелдер пайда болады. Одан бөлек, вирус туу каналы арқылы өту кезінде анадан балаға беріледі. Сүйелдер нәрестелерде өмірдің алғашқы жылдарында аузында немесе терісінде пайда болуы мүмкін. Вирус – қауіпті. Өйткені, ол тез таралып, жасушалардың қатерлі ісігінің деградациясының қоздырғышына айналады және нәтижесінде қатерлі ісіктің дамуына әкеледі, – дейді.
Дереккөздерге сүйенсек, елде жыл сайын патология дертіне 1 900 адам шалдығады-мыс. Оның 600-ден астамы қайтыс болады екен. Дүние жүзінде Қазақстан аталған ауру түріне шалдыққандар санаты бойынша екінші орында тұр. Ал, аймақ бойынша жыл сайын орта есеппен жатыр мойны обырына 150 шалдығады. Орта есеппен 45 әйел көз жұмған. Осы дерттің алдын алу және емдеу жолы – вакцинация екендігін айтады.
– Республика бойынша АҚШ-та шығарған ГАРДАСИЛ вакцинасы қолданылатын болады. 4 валентті, рекомбинантты вакцина. Құрамында консерванттар мен антибиотиктер жоқ. Бүгінгі таңда, АПВ-дан емделу жолы жоқ. Алдын алудың жалғыз әдісі – вакцинация. Жатыр мойны обырының дамуы әйелдердің папиллома вирусын жұқтыруына байланысты екені ғылыми дәлелденген. Кез-келген тұрғын тіркелген жері бойынша емханалардағы егу кабинеттері арқылы тегін вакцинациядан өте алады, – дейді мамандар.
Айта кетейік, вакцинация ата-аналардың немесе қамқоршыларының келісімімен жүргізіледі. Ол иық дельтовидтық бұлшықет ішіне жасалады.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz