Жаңалықтар

Пәтер кілті табысталды

Ұлыстың Ұлы күнінде Жаңаарқа ауданында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында баспанаға мұқтаж 16 отбасына жаңа пәтерлер кілті табыс етілді. Салтанатты рәсімде аудан әкімі Юржан БЕКҚОЖИН шаттыққа кенелген шаңырақ иелерін жаңа қонысымен ақжарыла құттықтады.

Жыл басы жағымды жаңалықпен басталып отыр. Бұл қуанышты жайтты уақыт санап көркейе түскен ауданның даму көрсеткішінің айғағы толық негіз бар, – деген аудан басшысы жалпы қауымға Наурыз мейрамына орай жүрекжарды лебізін арнады.

Жаңа баспана кілттері пәтер алу кезегінде тіркеуде тұрған көпбалалы, үйі апатты жағдайдағы азаматтарға, мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасыларға, сондай-ақ, жалғызбасты аналар мен ата-анасыз қалған балаларға берілді.

Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТ.

ЖАҢААРҚА ауданы.

Басқа материалдар

Back to top button