Жаңалықтар

Озық тәжірибе – жаңғыру негізі

   Қазіргі Қазақстан құқықтық мемлекет ретінде қалыптасу жолында батыл әрі кезең-кезеңімен қадамдар жасап келеді. Қазіргі кезеңде мемлекеттің негізін құрайтын институттарының, оның ішінде, бірінші кезекте құқыққорғау органдарының даму жолдарын ғылыми-негізді түрде саралап шығу өзекті мәселе болып тұр.

Құқық қорғау органдары жүйесін жаңарту барысында шетелдердің тәжірибесіне назар аудару ерекше маңызды болмақ. Еуропа елдері құқық қорғау органдарының реформаларын зерделеудің арқасында Қазақстанның құқық қорғау органдарын одан әрі жаңарту бойынша тиімді ұсыныстар әзірлеуге пайдасы тиді. Әзірленген практикалық тетіктер құқық қорғау органдарының жұмысын айрықша жақсартып, жүйені жұртшылыққа қарай жақындатады.

Қылмыстық процесті реформалау және құқық қорғау қызметінің өзге де аспектілерін жетілдіру бойынша Заң жобасында еуропалық мемлекеттердің тәжірибесін ескеріп, негізінен қылмыстық процесте адамның құқығын қорғауды нығайтуға, тараптардың бәсекелестігін арттыруға, соттың бақылау ауқымын кеңейтуге және тергеу органдары, прокуратура және сот арасында қайталаушылықты болдырмау әрі өкілеттіктерін нақты белгілеуге көңіл бөлінген.

Мәселен, заң жобасында қоғам үшін аса маңызды тармақтар белгіленген. Атап айтқанда, қылмыстық құқық бұзушылық жасауда сезікті ретінде адамды процестік ұстау мерзімін қысқарту.

Қылмыс жасаған адамды соттың санкциясысыз ұстау мерзімін 72 сағаттан 48 сағатқа дейін, ал, кәмелетке толмағандарға қатысты 24 сағатқа дейін қысқарту ұсынылған.

Ерекше әрі нақты көрсетілген жағдайларда сот санкциясыз 72 сағатқа дейін ұстауға рұқсат етіледі. Бұл аса ауыр, лаңкестік немесе экстремистік қылмыс жасалғанда, жаппай тәртіпсіздік кезінде, қылмыстық топтың құрамында жасалған қылмыстар, есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымына қатысты қылмыстар, кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұқпаушылығына қарсы, адам өліміне әкелген қасақана қылмыстар, және адамды алыстан немесе тиісті жол қатынастарының болмауынан судьяға уақытылы жеткізу мүмкіндігі болмағанда, сондай-ақ төтенше жағдайларға қатысты.

Бұл шара адамның негізгі конституциялық құқықтарының бірі – бостандығын негізсіз шектеуден қорғау кепілдігін арттырады. Мұндай жаңалық адам құқығы саласындағы халықаралық құжаттарға сәйкес келеді.

Заң жобасының маңызды бағыттарының бірі сотқа дейінгі сатысында соттың бақылау ауқымын кеңейте отырып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдары, прокуратура және сот арасындағы қайталаушылықты болдырмау әрі олардың өкілеттіктерін нақты белгіленуі. Бұл бағыт адам мен азаматтың конституциялық құқықтарын шектейтін барлық тергеу амалдарына санкция беру бойынша өкілеттікті біртіндеп тергеу судьясына ауыстыруды қарастырады.

Осылайша, тергеу судьясына жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу, үлгілерді мәжбүрлеп алу және куәландыруға санкция беру өкілеттігі берілетін болады. Қайталаушылықты болдырмау мақсатында кепілдікке санкция беруді тек судья жүзеге асырады.

Сотқа прокурор арқылы тек үш санкция – қамауға алу, үй қамақ және экстрадициялық қамау бойынша санкциялар жолданады. Аталған шаралар азаматтардың бостандықтары мен жеке қол сұқпаушылықтарын мейлінше шектейтін болғандықтан, прокуратура процеске қатысушылардың құқықтарын қорғайтын қосымша сүзгіш болмақ.

Осы және басқа да шаралар қылмыстық процесс органдарының лауазымды тұлғаларының жауапкершіліктерін нақты шектеп тұрады.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізген органның жасырын тергеу әрекеттері жүргізілген адамға, кейіннен осы әрекеттердің нәтижелерімен таныстырмай хабардар етуі рәсімін енгізу көзделген. Алайда, жасырын тергеу әрекеттерін өткізу фактісін жариялау мемлекеттің, қоғамның мүдделеріне немесе үшінші тараптардың қауіпсіздігіне қауіп төндіретін болған жағдайда тергеу судьясы сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының дәлелді талап-өтініші бойынша адамға қатысты өткізілген жасырын тергеу әрекеттері туралы хабардар етпеуге рұқсат бере алады.

Хабардар ету механизмін енгізу адамның құқықтары мен бостандығы бұзылған жағдайда, заңнамада көзделген барлық тәсілдермен қорғануына мүмкіндік береді. Атап айтқанда, заң жобасында жасырын тергеу әрекеттері жүргізілген адамның хабардар етілгеннен бастап он бес күн ішінде тиісті жасырын тергеу әрекеттерін заңсыз деп тану және келтірілген залалдың (залал келтірілсе) орнын толтыру туралы арызбен сотқа жүгіну құқығы қарастырылған.

Қазіргі уақытта кәсіпкерлікті қорғау бойынша, оның ішінде қылмыстық қудалау органдары тарапынан құқыққа қайшы қол сұғудан қорғау бойынша жан-жақты шаралар қабылдануда.

Құқық қорғау саласын одан әрі жаңарту аясында экономика саласындағы кейбір қылмыстарды жасауда сезікті адамдарды қамауда ұстауды қолданбау ұсынылады. Келесі қылмыстар жасалғанда ғана рұқсат етіледі:  рейдерлік, қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыру, жалған ақша, құнды қағаздарды жасау және өткізу, мәміле жасауға мәжбүрлеу, экономикалық контрабанда, қаржылық пирамидалар және ұйымдасқан қылмыстық топтар құру.

Бірақ, аталған шектеулер, егер, адам қылмыстық қудалау органдарынан немесе соттан жасырынуға әрекет жасаған немесе жасырынған жағдайларға қатысты емес.

Осының барлығы экономикалық құқықтық қатынастарды әкімшілік әдістермен реттеуге бағытталған.

Заң жобасында тергеу амалдарын (жасырын тергеу әрекеттерінен басқа) жүргізу туралы өтінішпен тікелей сотқа жүгініп дәлелдер жинау бойынша қорғаушылардың өкілеттігін кеңейту арқылы бәсекелестікті арттыруға бағытталған айтарлықтай өзгерістер қарастырылған. Сонымен қатар, жобада айыптау және қорғау тараптарының дәлелдермен алмасу рәсімін енгізу, сондай-ақ қорғаушыға «алтын дәлел» ұсынбау құқығын беру ұсынылған.

Осылайша, қорғаушы тарап сотқа дейінгі тергеп-тексеру органына, оның пікірі бойынша сезіктінің мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету үшін аса маңызы бар дәлелді ұсынбауға құқылы болады.

Ұсынылып отырған шаралар тараптардың зерттеу, дәлелдерге баға беру және өз мүдделерін қорғау кезіндегі құқықтарының теңдігін қамтамасыз ету үшін бәсекелестік қағидасын іс жүзінде жүзеге асыруға ықпал етуі тиіс.

Қылмыстық теріс қылықтар, аса ауыр емес қылмыстар бойынша қылмыстық істерді тергеу рәсімін жеңілдету және процестің үнемділігін қамтамасыз ету мақсатында қылмыстық тергеудің жаңа нысанын – бұйрықты өндіріс енгізу ұсынылған.

Бұйрықты өндіріс егер теріс іс-әрекет фактісі анықталса және оны жасаған адам өзінің кінәларының дәлелдерін дауламаса, әрекетінің (әрекетсіздігінің) саралауымен, келтірілген залалдың мөлшерімен келіскен жағдайда сезіктінің, азаматтық талапкердің талап-өтініші негізінде қолданылады. Сонымен қатар, міндетті түрде істі бұйрықты өндіріс тәртібінде қарауға жәбірленушінің, азаматтық талапкердің келісімінің болуы тиіс.

Мұндай істер сотқа 5 тәулік ішінде жолданып, сотта судья сот мәжілісін өткізбей, өзі ғана 3 тәулік ішінде қарайды.

Бірінші рет заң жобасында қылмыстық сот өндірісін электронды форматта жүргізу мүмкіндігі қарастырылған. Электронды қылмыстық іс сапасы жағынан қылмыстық іс жүргізудің басқа алгоритміне шығуға мүмкіндік береді, оның жалпы мәдениетін өзгертеді. Қылмыстық іс тіркелгеннен бастап, сотқа дейінгі тергеп-тексеру, сот талқылауы және жазаның орындалуына дейін – барлығы ашық болады. Дәлелдерді қолдан жасау немесе қандайда-бір тергеу материалдарын істен алып тастау мүмкін болмайды. Сандық формат шешім қабылдауды жылдамдатады, процеске қатысушылардың құқықтарын қорғауды жақсартады, сыбайлас жемқорлық пен өкілеттікті теріс пайдалану фактілерін азайтады.

Барлық осы өзгерістер – Елбасының ұлттық құқықтық жүйені әлемдегі үздік стандарттарға сәйкес келтіру бойынша қойған міндеттеріне жетудегі елеулі қадам болып табылады.

 

Ш.ӨТЕЕВ,

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Қарағанды облысы

бойынша департаментінің басшысы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button