Шет

Оза шауып, бәйге алды

   Жақында Шет ауданында оқушылар арасында дәстүрлі XVIII аудандық Абай оқулары өтті. Айтулы шарада барша ауылдың талантты оқушылары бағын сынады.

Абай оқулары үш бөлім бойынша өткізілді: «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» – Абай шығармаларын жатқа оқу, «Көңілім әнді ұғады» – Абай әндерін орындау, «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» – жас дарындардың өз шығармаларын орындауы сияқты сыннан тұрды.

Мәре бар жерде сөре бар. Ал­ғашқы бөлім хакім Абайдың шығар­машылығын жатқа оқып, мүдірмеген Ж.Ақылбаев атындағы эксперимен­талдық мектеп-гимназиясының оқу­шылары Толғанай Мейіржан қар­сыластары­нан дара шығып, екінші бөлімде Абай әндерін нақышына келтіре шырқаған Аймира Саят пен Аружан Жарылқаған үздік атанды. Ал,үшінші бөлімде өз шығармашылығы арқылы тыңдарманды тәнті еткен 7 сынып оқушысы Ажар Мұзафарқызы байқаудың бас жүлдесін иеленді. Бір айта кетері Ажар облысқа жолдама алды. Жетекшісі Серікбол Дәулетұлы да шәкіртінің болашағына сенім білдірді.

Өз тілшімізден.

ШЕТ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button