Қарағанды

«Отбасым – күншуағым»

Жуырда «Молодежный» мәдениет үйінде ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Қарағанды облысының 80 жылдығына орай «Ашық есік» күні өткізілді.

Жастарға деген қамқорлық, салауатты өмір салтын насихаттау – Президентіміздің үнемі басты назарында тұрады. Сондықтан, «Молодежный» мәдениет үйінде өскелең ұрпақ тәрбиесіне ерекше көңіл бөлінеді. Жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастырып, балалардың жан-жақты дамуына, тұлға ретінде қалыптасуына, жаңа қазақстандық қоғамның патриоттарын тәрбиелеуге, салауатты өмір салтын насихаттауға арналған маңызды іс-шаралар ұйымдастырылады.

Жыл сайы қыркүйек айының алғашқы жексенбісінде «Молодежный» мәдениет үйіне аудан жұртшылығы отбасыларымен келіп, балаларының бос уақытын тиімді және пайдалы ұйымдастыруы үшін түрлі әуесқой және көркемөнерпаздар үйірмелеріне жазылады. Биылғы жазылу мерзімі – Отбасы күні мерекесімен тұспа-тұс келді.

Қоғамның назарын отбасына аудару қажеттілігінен туындаған бұл мереке бүгінде қазақстандық отбасылардың берекесін арттыру, отбасылық дәстүрлерін жаңғырту күні деп те айтуға болады. «Отан – отбасынан басталады» демекші, Батыр Омаровтың отбасы мәдениет үйі қызметкерлері ұйымдастырған «Отбасым – күншуағым» атты мерекелік шараға қатысты. Көпбалалы ана Рая Мейірманова мен жары Батыр Омаров екі қыз, үш ұлымен бірге сахна төріне көтеріліп, жиналған көпшілікті мерекелерімен құттықтады. Жүрекжарды тілектерін жеткізіп, қонақкәде ретінде Құрманғазы Сағырбайұлының «Сарыарқа» күйін орындап берді. Көпшіліктің қошеметіне бөленген Омаровтар отбасына «Орамал тон болмайды, жол болады» деген жоралғымен естелік ретінде «Молодежный» мәдениет үйінің атынан шағын сый-сияпаттар жасалды. Көрерменнің көңілін көтерген шырайлы шара концерттік бағдарламамен түйінделді.

Р.АҒАЙДАРОВА,

“Молодёжный” мәдениет үйінің әдіскері.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button