Бас тақырыпБілім

Қосымша білім беру – жаңашылдық үлгісі

26 сәуір күні №2 оқушылар сарайында қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен, Қарағанды облысы өңірлерінің қосымша білім беру ұйымдары  басшылары, әдіскерлер, қосымша білім беру ұйымдарына жетекшілік ететін мамандар, сондай-ақ қосымша білім беру педагогтары үшін «Шеберлік – тәжірибе – нәтиже» атты Қарағанды қаласы қосымша білім беру ұйымдарының озық жұмыс тәжірибесінің жәрмеңкесі өтті.

Суреттерді түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Кейінгі жылдары елімізде қосымша білім беру жүйесі дамып, кеңейіп келеді. Қосымша білім беру ұйымдары жалпы білім беретін мектептер базасында балалар мен жасөспірімдерді шығармашылық белсенділікке, өз бетінше білімін жетілдіруге және ынталандыруға бағытталған. Аймақта 11 қосымша білім беру мекемесі бар.

 – Іс-шараның басты мақсаты – Қарағанды қаласының қосымша білім беру ұйымдарының жетістіктері мен жұмыс тәжірибесін, шығармашылық дағдыларды дамыту мен өзін-өзі жүзеге асырудың сапалы және қолжетімді жағдайларын жасау үшін көркем-эстетикалық, гуманитарлық, экологиялық – биологиялық, жаратылыстану-ғылыми, спорттық және техникалық бағытры бойынша қабілетті балаларға арналған қосымша білім берудің тиімді тетіктері мен заманауи білім беру тәжірибелерін тарату болып табылады, – деп атап өтті ұйымдастырушылар.

– Қарағанды қаласында бірнеше қосымша білім беру мекемелері бар. Кейінгі кездерде Оқу-ағарту министрлігі оқушылардың қосымша білім алуына қатты назар аударып жатыр. Қазіргі таңда 11 қосымша білім беру мекемеміз бар. 11 мекеме жұмысының басын біріктіріп, биыл фестиваль өткіздік. Барлық музыка мектептерінің балаларынан кіріктірілген оркестрь құрылды. Сонымен қатар 2 оқушылар сарайында заманауи тұрғыда жабдықталған сыныптар бар. Осы атқарылып жатқан жұмыстардың барлығын облыс әкімінің орынбасары Ерлан Бейсембайұлының ұсынысымен облысқа таратуды көздеп отырмыз. Сол себепті біз қазіргі таңда барлық қосымша білім беру мекемелерін жинап, қосымша білімге деген көзқарасымызды жеткен жетістіктерімізді көрсетіп, бағыт-бағдарымызды, бағдарламамызды көрсетіп, қала-аудандарда орналасқан мекемелерге үлкен жәрмеңке ұйымдастырып жатырмыз. Бұл қосымша білім берудің жәрмеңкесі, – дейді қалалық білім бөлімінің басшысы Есентай Әшім. 

Жәрмеңке қатысушыларына кейс, шеберлік-сыныптар, актерлік шеберлікті дамытуға арналған ойындар, құмдағы пейзаж, қыш-құмыра жасау өнері, ортекелерді билету, ағылшын тілін оқыту, қобызшылармен жұмыс, хор, би өнері, питч-сессия, ақпараттық көрме, роботехника, сурет салу және т.б. сияқты белсенді нысандарда үздік білім беру практикалары ұсынылып, қосымша білім беру педагогтарының іс-әрекетке деген көзқарасын және практикада қолдану және тарату үшін қолда бар мүмкіндіктері көрсетілді.

Соңында шара білім беру мекемелерінің оқушыларының концерттік бағдарламасымен жалғасты.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button