Жаңалықтар

Қош, Көке!

Суретті түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Шебер кетті өмірден, шешен кетті,
Сел басқандай биылғы кешең көкті.
Ағамды алып, алтынды жағамды алып,
Еткенін-ай сұм ажал еш еңбекті.

Бет бұрыпсың бақиға, қош, ағатай,
Жақсысына жалғанның дос ағатай.
Бізден кетіп барасың.
Енді сізді алдыңыздан мақшарда тосады апай…

Нарманбеттей нар едің түбің ерен,
Нарым шөгіп, нарайдым бүгіле мен.
«Қасым кетті», – деген сөз қандай қиын,
Басым кетіп жатқандай күңіренем.

Көңіліммен сені ойлап қираңдаған,
Тәу етемін өзіңе, иманды адам.
Құшағына сыйғызсын енді сені,
Құшағыңа өзіңнің сыйған далаң.

Абзал БӨКЕН.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button