Жаңалықтар

Қорықшыға шабуыл жасаған күдіктілердің суреті жарияланды

Ішкі істер министрлігі “Қарағанды облысында қорықшыларға шабуыл жасады” деген күдіктілердің суретін жариялады. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

ІІМ жариялаған күдіктілердің суреті.

Іздеу жарияланған күдіктілердің аты-жөндері – Б.М. Ахметов, Н.М. Шукилдиков, К.В. Акшанов. Министрліктің хабарлауынша, күдіктілерге халықаралық іздеу жарияланған.

17 қаңтарда Астанада журналистер сұрақтарына жауап берген ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов полиция күдіктілердің анықталғанын, олардың Қызылорда облысының тумалары екенін айтқан.

15 қаңтарда Қарағанды облысының Нұра ауданында “Охотзоопром” республикалық мекемесінің инспекторы Ерлан Нұрғалиев киіктер мен сирек кездесетін жануарларды қорғау рейді кезінде браконьерлер қолынан ауыр жараланып, қайтыс болған.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Басқа материалдар

Back to top button