АймақҚарқаралы

Ортақ ұмтылыс – Әділетті Қазақстан үшін!

Қарапайым халық кез келген сайлаудан әлеуметтік жағдайдың жақсаруын, ел тұрмысының оң бағытқа өзгеруін күтеді. Бұл сайлаудан кейін еліміздің іргесі берік болып, саяси жүйе жаңғырады деп сенемін. Өйткені, науқанның әділ де ашық өтуіне ел болып атсалысуда.

Мемлекет басшысы ел дамуына қажетті бірқатар өзекті Конституциялық Заң қабылдады. Енді Парламент пен мәслихат депутаттарының бұл сайлауы реформалар бастамасын табысты жалғастыруға жетелейді.

Сайлауға түсіп жатқан үміткерлердің арасындағы жалынды жастардан үлкен үміт күтеміз. Солардың ішінде елдің қамын ойлап, жоғын түгендейтін білімді, парасатты, зиялысы ғана өтсе деген тілек бар. «Болашақ – жастардың қолында» деген жиі айтылады. Сол жас буынның қоғамдағы өзгерістердің басында болып, елдің дамуына есепсіз үлес қосатын уақыты жетті. Ұрпақтың ұлы армандары өз кеудесінде өліп кетпесін десек, мемлекет үшін болатын маңызды өзгерістерге үлкен жауапкершілікпен қарауымыз қажет.

Ендігі кезекте демократиялық құндылықтарды дамытуға мән беруіміз керек. Үміткерлердің айтқаны жүзеге асып, сайлаушылардың үміті орындалса болғаны. Себебі, біз болашақтағы даму жолымызды бүкіл ел болып осы сайлау арқылы бірлесе шешкелі отырмыз.  Бұл қадам ел ертеңі үшін әрбір азаматтың ой-пікірінің қаншалықты маңызды екенін, жаңа мемлекет құруда өзінің де үлесі бар екендігін сезінуге мүмкіндік береді. Сондықтан, ортақ ұмтылысымыз Жаңа Қазақстанды құруға батыл қадам деп есептеймін. 

Мұхит АДАМОВ,

Ыбырай Алтынсарин атындағы төсбелгі және «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері.

Егіндібұлақ ауылы.

Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button