Акция

Ортақ істің ортасынан табылды

Халық қалаулылары облыс орталығында ағаш егу ісіне атсалысуда. Қарағанды облыстық мәслихатының депутаттары көппен бірге Пришахтинскідегі жаңа саябаққа шыбық отырғызу шарасына қатысты.

Саябақ осындағы жаңадан ашылған мешіт жанында орналасқан. Жаңа демалыс орнына қарағай, үйеңкі, қайың және шетен сияқты ағаш түрлерінің шыбықтары отырғызылды.

Акцияға депутаттармен бірге спорт саласының өкілдері, жастар ұйымдарының белсенді мүшелері бір кісідей үлес қосты.

Айта кетейік, қоршаған ортаны қорғау және экологиялық тұрғыдан даму облыстық мәслихаттың күн тәртібінде тұрған мәселелердің бірі.

Алдағы уақытта ел Президентінің «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында көрсетілген тапсырмаларды орындау шеңберінде Қарағанды аймағында мыңдаған ағаш отырғызылады деп күтілуде. Бұл акция өңірді жасыл желекпен ауқымды көлемде қамтуға жол ашады.

Басқа материалдар

Back to top button