Руханият

Қоршаған орта

Басы газеттің (№№ 86, 89, 92, 95, 100, 103, 106, 112, 115, 118­, 123, 126, 135, 143, 5, 8 сандарында)

Сурет: ашық дереккөз

Неге?

Андрей Вознесенский «Я пишу стихи ногами!» – дейді! Қалай түсінсеңіз – олай түсініңіз!
Қазақ шәйірлерінің көпшілігі өлеңін жүрегімен-ақ жазады. («Жүрегімде сенсің, алтын Отаным!», «Жүрегіммен сүйемін мен өзіңді!» деген сияқты). Бірақ олардың «жүрегінен» шыққан өлең біздің жүрегімізге жетпей жатады. Неге?!.

Юмор Сталина

Как-то иностранные корреспонденты спросили Сталина:
– Почему на гербе Армении изображена гора Арарат, ведь она не находится на территории Армении?
Сталин ответил:
– На гербе Турции изображен полумесяц, а ведь он тоже не находится на территории Турций.

Әпкесінің жұртта қалған бауыры…

Жетісуда о баста жеті-ақ қыз болған. Соның біреуін мен алып қашып кеткенде соңында бір бауыры жылап қалып еді. Сол – осы жігіт. Ержетті. Пенде болған жоқ. Азамат болды! Атақ-даңқы Алты Алашқа мәшһүр: Жан-Ар-Бек Әшім-Хан!

«Айтпақшы, осы бала туды дегенде мен сенбей қалып едім…» – дейді әпкесі. «Неге?!». «Бірінші апрель еді…». «Сендердің Мұқағалиға да «сенгендерің» шамалы ғой?!» – десем, күні бойы қабағы ашылмайды…

Бір баласының аты – Қасым. Қарқаралыға қашып кеткен әпкесін сағынғанда туған баласы.

Бауырының жақсы хабарын естіген сайын мұндағы әпкесі де мәз: «Соңымда жылап қалып еді…» дей береді. «Мен саған жылатып тастап кет деп пе ем?!» –деймін мен де ыңғайсызданып…

Бауыры түгілі, кіндік кесіп, кір жуған жұртын жылатып тастап кеткен қу қыз жұртта қалған баланы қайтеді?! Енді, міне, атқа қонып, азамат болғанда өзінше боп (маған қыр көрсетіп!) иемденіп отыр?!.

Мағауин болмаса…

Адамзат тарихында атаусыз қалған ақындар аз ба? Алысқа бармай-ақ осы өзіміздің Алаштың тарихына көз салыңыз. Жетпісінші жылдары Мұхтар Мағауин болмаса, он бесінші ғасырдағы ақын-жыраулар поэзиясы осы күнгі әдеби айналымға түсер ме еді? Қазақ осы орнында отырар еді. Асан Қайғы, Шалкиіз, Ақтамберлі, Қазтуғандар жоқ болар еді! Оларды осы жиырма бірінші ғасырда қазақтың тағы бір баласы шаң басқан архивтерден іздеп жатар еді.

Таба ма, таппай ма, оны бір Құдай біледі…

Жұмыр басты пенденің ғұмыры

«Жұмыр басты пенденің ғұмыр жасы Бодлер жазған өлеңнiң бiр жолына да татымайды» (Акутагава Рюноскэ).

Құран мен поэзия

«Адамдар Алланың қаһарынан бес уақыт намазымен, құлшылығымен өтеп құтыламыз деп сенеді. Лайым солай-ақ болсын! Алла қабыл еткей! Ал ақындардың әр шумақ өлеңі зікірі емей неменесі?! Жан-жүрегінен жарып шыққан жырлары ақынның намазына пара-пар! Ақын ағынан жарылғанда ерекше тағдыр-дарын сыйлаған Аллаға жан-тәнімен мінәжат етпей ме?!» (Әнуар Омар)

Ғажап айтқан екен мына Дуалы ауыз!

Шыңғысханның тезі

Ресей империясында орыс еместердің барлығын әуелден «татарлар» дейтін әдет бар. Әсіресе, олар түрік тұқымынан шыққандарды осылай атаған. Расул Гамзатов Совет Одағының маршалы Климент Ворошиловтың өзімен кездескенде үнемі: «Иә, татар, қал-жағдайың қалай?» деп амандасатынын есіне алады. «Сосын, бір күні, – дейді, сөзін ары қарай сабақтаған Гамзатов, шыдай алмай кетіп, «Климент Ефремович, мен татар емеспін, – дағыс­тандық авармын!» – дедім. Маршал болса: «Жә, қызбаланба, Расул, – сіздерді, орыс еместердің барлығын бізде баяғыдан татарлар деп атайды!», – депті!» (ФБ).
Орыстар арада қаншама ғасыр өтсе де, Шыңғысханды ұмытпаған!

Әдеби сынның басты миссиясы

«Жақсының жақсылығын айт – нұры тасысын, Жаманның жамандығын айт, – құты қашсын!» болуы керек-ті.

Бәрі де ұлттық болуы керек.

Бәрі де ұлттық болуы керек; ұлттық мемлекет, ұлттық буржуазия, ұлттық бренд, ұлттық әдебиет, ұлттық мақтаныш т.б. Тіпті, мафия да ұлттық болуы керек…Ұлтсыз мафия ұлтты жалмап, жейді…

Омар Һаям айтыпты…

«Біз туралы жаман сөз айтатындар – бізден өте төмен тұрған, бізден де нашар күлді-көмеш күйкі пенделер; ал, бізден гөрі биікте тұрғандардың бізге қарап, бірдеңе айтуға уақыты жоқ қой!» (Омар Һаям).

Кім айтса да…

«Қолындағы кісенін өзі үзіп, қара басын азат ете алмаған құлды біреу келіп бостандыққа шығарса, әлгі Құдай ұрған құл неме сарсылып, баяғы күнін көксейді немесе өзіне қайта бір қожайын іздеумен көжиекке қарап, екі көзі төрт болады!» дегенді ФБ-ның бір жерінен жаңа ғана көріп қалып едім: енді таба алмай отырмын?

Осыны кім айтса да, тауып айтқан!

«Соседка»

– Марья Александровна, 80 лет, моя соседка:
– Ботагоз, так переживаю за Россию!
– А Вы, за Казахстан переживайте лучше!
– Так там мои родственники!
– А тут Ваши дети и внуки. Так почему тогда не уедете?
– Так у них здесь бизнес, недвижимость! (ФБ).

Әлхамдулиллах, әлі мықтымыз

«ХХ ғасырдың басында Әлихан Бөкейханов: «Әлхамдулиллах, халқымыздың саны 6 млн-ға жетті» – депті ғой… Сол кезде Совет Одағы бізге геноцид жасамағанда, қазір халқымыздың саны 40-50 млн. болатын еді. 20 ғасырдың басында халқымыздың саны Мысыр халқымен тең болған, қазір біз 17 млн, Мысырда 80 млн. халық бар. Совет Одағының қазақты аса қауіпті жау және интеллектуалды бәсекелес көруі мына фактілерден байқалады». «1937 жылы «халық жауы» ретінде тәжіктерден 1 кісі атылса, өзбектерден 7 кісі, қырғыздардың өзінен 40, қазақтардан бірден 25 мың адам «халық жауы» ретінде құрбандыққа шалынған» (Мекемтас Мыр­захметұлы).

Қазақ өкілдері татар мұғалімдерінен дәріс алса да, Татарстандағы элитаны қазақтар құрған, ал, Орта Азия аумағында тұңғыш рет формальды мемлекет құрған да Алашорда қайраткерлері еді. Оған қоса аласапыран заманда Мұстафа Шоқай Өзбекстанның да элитасын өзіне қаратып, Түркістан мемлекетін құрған.

Осындай потенциалы бар халықты қалайда бір қыру керек еді. Репрессияда тәжіктерден 1 адам, өзбектерден 7, қыр­ғыздардан 40 адам, бізден 25 000 адам атылуы , міне, соның айғағы! (ФБ).

…Осыноу репрессия, аштық, қыр­ғын-сүргіндерде сырымыз кетсе, – кеткен шығар, – сынымыз кеткен жоқ қой?! Әлхамдулиллах, біз әлі мықтымыз!

Совет өкіметінің аяр саясаты

«Маған «Алашорданы» білесіз бе, – деп сұрақ қойма. Мен – «Алаш» партиясы мен «Алашорда» кеңесінің, «Алашорда» үкіметінің төрағасымын. Сондықтан да оның іс-әрекетіне толық жауап беремін. Ал, «Алашорда» Кеңес өкіметін мойындап, оның бұрынғы іс-әрекеті үшін ешкім де, ешқашан да жауапқа тартылмайтыны туралы Ленин қол қойған келісімнен кейін, ол үкімет тарихтан кетті. Егер де Лениннің қолы оның өзі өлген соң жүрмей қалса, онда үшінші адам болып Сталин қол қойған. Ол келісім күшін жойған жоқ. Жойса, келісім бойынша, маған хабарлар еді. Мен Сталиннен ондай хат алғам жоқ. Әлде сендер оны мойындамайсыңдар ма? Онда маған жазбаша жазып беріңдер?!» (Әлихан Бөкейханның НКВД-ға берген жауабынан).

Поэзия мен әйел

Ақынға өлең жаздыратын жағдайды орыстың 19 ғасырдағы арулары (Тургенов романдарындағы әйелдер, Пушкиннің замандастары) поэияның құдіретін терең сезуші еді. Қазақ қыздары да сол деңгейге қашан жетеді?

Парадокс

«Гей деген пәлекетте құрсақ – жоқ! Бірақ, неге күннен-күнге күшіктеп барады?!» – деп, таң қалды бүгін бір кісі ФБ-да.

Бүгін есімде қалған бір сөз

«Как говорится, от зависти люди стареют, от обиды болеют, а от любви молодеют! Любите друг-друга!» (ФБ).

Қалай айтқан?

«О, Кер-заман! Шер-заман! Моцарттарың – қайыршы! Сальериің – сал-сері! Арлы атаны тәрк етіп, тексіз ойнастан туғандай, неткен сормаңдай жұрт едік?!» ФБ

Не деген керемет сөз!

«Я могу работать против кого угодно, но против Казахстана никогда!» – депті бір қазақ.
Әрбір қазақ осылай ойласа, баяғыда-ақ ру-ру, топ, тобырдан ұлтқа айналып кетер еді!

Серік АҚСҰҢҚАРҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button