Жаңалықтар

Қор үйлестірушісі – Қарағандыда

    Газетіміздің тұрақты оқырмандары білуі тиіс. Биыл Қаздауысты Қазыбек би бабамыздың 350 жылдығына байланысты киелі Түркістан қаласында бабамыздың ескерткішін тұрғызу қолға алынған. Соған байланысты «Қаздауысты Қазыбек би қоры» құрылып, киелі шаһардан ескерткіш орны белгіленген. Ендігі жұмыс – ел болып істі ілгерілетуде.

Өткенде Қарағанды қаласында әулиелі бабамыздың мерейтойына байланысты ұйымдастырылған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға Түркістан қаласынан бір топ делегат келген болатын. Ішінде «Қаздауысты Қазыбек би қорының» Президенті Қойшыбай Ниязбеков бар. Олар сол сапарында осындағы аймақ атқамінерлеріне Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің ресми рұқсат қағаздарын таныстырып, қосымша қаулы алып келіпті. Онда «Қаздауысты Қазыбек би қоры» ұйымының Қарағанды аймағы бойынша төраға-үйлестірушісі қылып Мейірман Жашкеевті тағайындапты. Бұл – аталған қор алқасының шешімі. Мақсат – Қарағанды аймағында қор жұмысын ширатып, насихаттау. Қаулы көшірмесі қазір қолымызда тұр. Дегенмен, ел арасында Мейірман Елубайұлы кім деген сұрақ тууы әбден мүмкін ғой?

Түркістандағы ұлттық мүддеге жанашыр топтың бұл кісіні таңдау себебі – Мейірман ағамыз кезінде Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде жерленген Байдәулет Құдайберлі бабамыздың есімін сондағы тарихи тұлғалар тізіміне енгізіп, конференция ұйымдастыра алған Арқаның аймаңдай азаматы. Онда жерленгендердің бәрін Әзірет Сұлтан кесенесіндегі тарихи тұлғалар есімі тізіміне енгізе бермейді. Тұлғаның есімі тарихи, әдеби деректермен дәлелденбейінше, ол тізімге ену жоқ. Осындай жұмыстарды қолға алып, ас беріп, конференция ұйымдастыруда ұлттық мұраларымызға жанашырлығы мен үйлестірушілігі арқылы көзге түскен Мейірман Жашкеевті таңдапты түркістандықтар. Әулиелі баба есіміндегі қорға қатысты әлдеқандай сұрақтарыңыз туып жатса, Мейірман ағаға (тел.: 87752813390) хабарласуыңызға әбден болады. Ендеше, іске сәт, ағайын!

Біздің редакциямен қарым-қатынастағы Мейірман ағаның ұлттық мұраларымызға жанашырлығымен қатар, өлең жазатын қасиеті барын біз сонау жылдардан білеміз. Орайы келіп тұрғанда, сенімдеріңізді арттыра түсу мақсатында 1957 жылы Қарағанды обылысы, Нұра ауылдық кеңесі, қазіргі Шет ауданы, Қарғалы ауылында туған ол кісінің бір өлеңін қоса беруді жөн көрдік. Сонымен, Мейірман Елубайұлының «Аңыз баба» жыры:

Дұға қылдым, Арыстанбап,

Яссауи,

Шын ниетпен босағаңды

аттадым.

Ырза болып жас-кәріңе –

бәріне,

Ел құрметін жүрегіме сақтадым.

Түркістанда бабам жатыр

Бәйдәулет,

Үлкен атам Қаздауысты

Қазыбек,

Желеп-жебеп, жатқан болар

біздерді,

Батасын ал, басыңды иіп,

ниет ет.

Ұмытылмас тағдыры талай

сол күндер,

Сараланар бәрі де, жылдар

өтер.

Салмағы артып істеген

бар еңбектің,

Арты жақсы іс қалар, болмас

бекер.

Аңыз бабам қайтып келді өмірге,

Ұлы ойлар өз жемісін атқарып.

Есімдерің қалды мәңгі

өшпестей,

Қасиетті қабырғаға қашалып.

Жәнібек ӘЛИМАН

«Қаздауысты Қазыбек би

қорының» есеп-шоты:

АО «НУРБАНК»

БИК: NURSKZKX

БИН: 170240002006

ИИК: KZ6884906 KZ 001506370

Код: 18

КНП: 119 (Финансовая/Материальная/Спонсорская помощь)

Шымкент қаласы, Байанды 13

Тел: 87017553184, 87077553184.

Koysheke@mail.ru, akma_akma83@mail.ru

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button