Жаңалықтар

Онлайн- сатылым – оңтайлы тәсіл

Осы жылдың 10 маусымынан бастап Астанадағы «ЭКСПО-2017» көрмесіне билеттердің онлайн-сатылымы басталды. Сатылым бағдарламасы әрбір қазақстандықтың Көрмеге қатысуына мүмкіндік береді.

Мәселен, билеттер сатылымының бағдарламасы әлемдік тәжірибеге сүйеніп әзірленген. Көрмеге Ұлы Отан соғысының ардагерлері, мүгедектері, мүмкіндігі шектеулі жандар, жетім балалар мен алты жастағы балаларға дейін еркін кіре алады. Ал, зейнеткерлер, көпбалалы аналар, студенттер мен мектеп оқушылары билеттерді жеңілдетілген бағамен алады.

Қазіргі күнге дейін «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуға 89 ел мен 15 халықаралық ұйымнан ұсыныс түскен.

Бұл уақыт – билет сатылымының промо-кезеңі. Яғни, билеттерді 20-50% аралығындағы жеңілдетілген құнмен сатып алуыңызға болады. 1 қыркүйектен бастап Қазақстан аумағы бойынша офлайн-кассалар іске қосылады. Ұлттық мереке күндері билеттердің жылжымалы сатылымын ұйымдастыру көзделген. Бұған қоса, билеттер сатылымын жүзеге асыруға «Қазпошта» АҚ, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ және «Air Astana» АҚ да ат салыспақ.

Жалпы, билеттер сатылымы 2017 жылдың 9 маусымына дейін жалғасады. www.tickets.expo2017astana.com. сайты арқылы билетке тапсырыс беріңіз.

Қуаныш АМАНҚҰЛОВ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button