БілімБілім ошақтарындаЖаңалықтар

Олимпиададан жүлдемен оралды

Алматыда информатика пәнінен өткен XIV Халықаралық Еуразиялық олимпиададан Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп интернатының оқушылары жүлдемен оралды.

Мектептің 11-сынып оқушысы Рамазан Пердебай алтын медаль иеленіп, Қазақстан-Британ техникалық университетіне грант жеңіп алды. Ал, 9-сынып оқушысы Әлішер Қазтаев олимпиаданың күміс жүлдегері атанды. Осылайша оқушылар халықаралық дәрежедегі олимпиададан облыс қоржынына 45-ші жүлдені салды. Аталмыш олимпиададан 3 қазақстандық команда – І орын, алтауы – ІІ орын және сегізі – ІІІ орынмен оралды.

– Олимпиада командалық болғандықтан, біздің оқушылар басқа оқушылармен бірге жарысқа қатысты. Рамазанның командасында Алматы және Астана РФММ оқушылары болды. Ал Әлішер Жезқазған қазақ-түрік лицейінің екі оқушысымен бір командада болды. Рамазанның командасы алтын медаль жеңіп алды және оның үш мүшесі де университет грантына ие болды. Әрине, мұндай нәтижелер үлкен дайындықты талап етеді, – деп атап өтті ұстаздары Айдар Сейілханов.

Бұл Рамазан Пердебайдың жетінші олимпиададағы жеңісі екен. Ол 2019 жылы Еуропадағы жасөспірімдер Олимпиадасының қола жүлдегері атанды. 2020, 2021, 2022 жылдардағы халықаралық Жәутіков олимпиадасының күміс және қола медальдарын еншілеген. Сондай-ақ, «Туймаада» Халықаралық олимпиадасында күміс медальін, 2021 жылы Информатика бойынша Еуразиялық олимпиаданың күміс жүлдесін жеңіп алған.

Әлішер Қазтаев – информатика саласындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың жеңімпазы.

Ortalyq.кz

Басқа материалдар

Back to top button