Саран

Қойнауы құжатқа толы

   Биыл – Қарағанды облысының архив қызметіне – 80 жыл, Қарағанды, Шахтинск, Саран қалалары, Абай ауданы архивтерінің құрылғанына – 25 жыл.

Қарағанды облысы әкімдігінің 1992 жылы 24 наурыздағы № 106/1 шешімімен 1992 жылғы 1 шілдеде жекешелендірілген кәсіпорындардың архивтері мен құжаттарын сақтау үшін Саран қалалық архиві құрылған. Содан бергі уақытта архив халыққа қалтықсыз қызмет етіп келеді.

2011 жылдың сәуір айынан бастап архивте жаңа екі бөлім ашылды.

Құжаттарды бақылау және ҚР ҰМҚ жинақтау бөлімі. Архив ісінің басты бағыттарының бірі – архив құжаттарын БАҚ арқылы, фото, бейне, жеке тектік құжаттар арқылы көрмелер ұйымдастырып, дөңгелек үстел, кездесулер өткізу. Сонымен қатар, қор жинақтау, құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, қор құрамын зерттеп, жүйелеу, құжаттарды пайдаланып дайындау, құжаттаманы ресімдеп, іс жүргізушілерге әдістемелік-тәжірбиелік көмек көрсетеді.

Ақпараттық-анықтама бөлімі. Жеке және заңды тұлғалардан түсетін әлеуметтік-құқықтық, тақырыптық өтініш-сұраныстарға жауап береді. Жеке және заңды тұлғаларға заңды құқықтары мен талаптарын қорғау үшін архивтік анықтамалар береді және ХҚКО мен Е-әкімдік бағдарламасы бойынша электрондық мемлекеттік қызмет көрсетеді. ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау реті туралы» Заңына сай, кез келген жанға мінсіз қызмет көрсету міндеттелген. Жылына жеке азаматтардан – 2 мыңға тарта, заңды тұлғалардан 400-ге жуық өтініш-сұраныстар түседі. Бұл сұрақтарға 15 тәулік ішінде жауап беріледі.

Бүгінгі таңда архивтегі ең көне құжаттар 1935-1948 жылдардан басталады. Барлық деректердің келешек үшін маңызы зор болғандықтан, оны сақтау – біздің басты борышымыз. Архивте барлығы 230 қор, жалпы 113625 құжат сақталуда. Оның ішінде, басқарушы құжаттамалар – 29752, жеке құрам бойынша – 83622, жеке тектік – 158, фото құжат – 48, бейне құжат – 6.

Қазіргі кезде «Архив қызметінің ардагерлері» атты және Саран қаласы архивінің 25 жылдығына арналған «Туған өлке тарихы, кеше және бүгін» атты деректі стенд жасалуда. Мақсат – қаланың тарихына байланысты түпнұсқа негізіндегі көптеген деректерді жинау, яғни, құжаттар арқылы Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жерлестеріміздің ерліктерімен таныстыру, тың игеру, қала тарихына қатысты, қаланың құрылуына, ауыл шаруашылығы, білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет салаларының дамуына елеулі үлес қосқан еңбек ардагерлері туралы, кеншілер, зауыттар, жеке кәсіпорындар мен жалпы кәсіпорындар туралы мәліметтермен жас ұрпақты ақпараттық байыту.

Архивте «Ұлы Отан соғысына қатысушы сарандықтар» жеке тектік құжаттар коллекциялары сақтаулы. Атап айтқанда, Исенов Машраб Исенұлы, Қожанов Жанғали Тәттиғалиұлы, Қарпықов Қарабай Жұманұлы, сонымен қатар, қаламыздың мақтаныштары (фото құжат ретінде) – Қ.Әбікенов, И.Блат, Н.Дридж, Б.Ешмағанбетов, М.Шаймарданов, В.Зименок, А.Куленко сияқты еңбек ерлерінің құжаттары сақтаулы. Сонымен қатар, тың және тыңайған жерлерді игеруші Галина Клюшникованың қоры мұрағатқа өткізілуде.

Архив жұмысында мемлекеттік тілді кеңінен қолдауға, тілдік ортаны қалыптастыруға жете көңіл бөлінген. Құжаттандыру ісін жетілдіру мақсатында, архившілер мекемелер мен кәсіпорындарға әдістемелік көмек көрсетіп отырады. Қала тіршілігіне, қоғамдық өмірге белсене атсалысады. Салтанатты шараларда, сенбіліктерде, мерекелерде үнемі алдыңғы қатарда жүреді.

25 жылдың ішінде біздің тарихымызды сақтау және қалпына келтіру бойынша үлкен моральдық жауапкершілікті сезінетін, өз ісін білетін архив қызметкерлерінің қосқан үлесі баршылық. Атап айтсақ, ұжымда Г.Киикова, А.Уәлибекова, М.Әмірхан, А.Аскеева, О.Алексеева, А.Қайырбек, Ж.Құрманалина, А.Томашева, Н.Морозова, Ж.Темірбекова және Г.Мурзагожина сияқты мамандар жұмыс істейді.

Архив техникалық-құрал жабдықтармен және компьютер, интернет желісімен толықтай жабдықталған.

Айдын ҚҰЛЖАНБЕКОВ,

қала архивінің басшысы.

САРАН қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button