Басты тақырыпЖаңалықтар

Одақ елдерімен сауда қызуда

    Жыл басынан бері Қарағанды облысының Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен арадағы сауда айналымы жандана түсті.

Қаңтар айында өзара сауда көлемі 177,9 млн. АҚШ долларын құрады. Оның ішінде, экспорт – 119,8 млн. АҚШ долларын еңсерсе, импорт – 58,1 млн. АҚШ долларын межеледі.

Сауда айналымының басым бөлігі Ресей Федерациясына тиесілі. Теріскейдегі көршімізбен арадағы алыс-беріс 168,9 млн. долларға жетті. Бұл – жалпы сауда көлемінің 94,9 пайызы. Сондай-ақ, Белоруссиямен – 5,1 млн. доллар (2,9 пайыз), Қырғызстанмен – 3,8 млн. доллар (2,2 пайыз), Армениямен – 63 мың доллар (0,04 пайыз) шамасында сауда жасадық.

Экспорттың 94,9 пайызы – Ресейге, 3,1 пайызы – Қырғызстанға, 2,1 пайызы – Белоруссияға жөнелтілді.

Экспорт тауарларының 73,2 пайызын тегіс илек құрады. Тас­көмір, шымтезек, шекемтас және таскөмірден алынған қатты отынның ұқсас түрлері – 12,4 пайыз, мырыш кендерi мен қойыртпалары 3,9 пайыз болды.

Сырттан келетін тауардың да негізгі көлемін ресейлік кәсіпорындар жеткізді (95,1 пайыз). Ресейден кейін импорт көлемі бойынша Белоруссия (4,5 пайыз), Қырғызстан (0,3 пайыз), Армения (0,1 пайыз) орналасқан.

Импорт құрамында пластмасса және одан жасалған бұйымдар, жануарлардан немесе өсімдіктерден алынатын тоң майлар мен майлар және оларды ажырату өнімдері, дайын тамақтық тоң майлар, жануарлардан немесе өсімдіктерден алынатын балауыздар бар.

Нұрқанат ҚАНАФИН

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button