Медицина

Облыстық клиникалық ауруханасында карантин енгізілді

ЖРВИ және тұмау ауруларының өршуіне байланысты облыстық клиникалық ауруханасында карантин енгізілді. Бұл туралы ОКА-ның баспасөз қызметі мәлім етті.

Сурет: ОКА сайтынан

Пациенттердің палаталарына кіруге тыйым салынып, қызметкерлер мен науқастар үшін маска режимі енгізілді. Үйден тамақ немесе науқастар үшін керек-жарақтар кестеге сәйкес бұрынғы режимде қабылдана береді. Карантинді алып тастаған жағдайда медициналық мекеме қосымша хабарламақ. Толық ақпаратты бірыңғай call-орталықтың 8 (7212) 94 04 77 нөмірі бойынша алуға болады.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button