АймақБас тақырыпҚарағанды

Облыс мектептерінде оқушылар тыйым салынған сайттарға кірген

Қарағанды облысының прокурорлары білім ошақтарын тексеру барысында оқушылардың келеңсіз интернет сайттарына кіру фактісін анықтап, деструктивті ақпаратқа ашық қол жеткізу фактілерін анықтады.

Сурет: gov.kz

Оқушылар барлық сайттарға қол жеткізе отырып, әртүрлі сипаттағы ақпарат алған.

Мысалы, Шахтинск қаласының оқушылары порнографиялық сипаттағы ақпарат пен есірткі сататын жерлерді іздеу үшін браузерлерді еркін пайдаланған.

Балқаш қаласында балалар «ЧВК Редан» мүшесі болу үшін тестіден өткен, бұл ұйым агрессивті жастар тобы болып табылады және қоғамдық қауіп төндіреді.

Бұзушылықтар облыстың барлық мектептерінде анықталды.

Прокурорлық қадағалау актілері енгізіліп, кінәлі адамдар жауапқа тартылды, білім алушылардың теріс сайттарға кіруін шектеу жұмыстары жүргізілді.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button