Жаңалықтар

Облыс әкімінің орынбасары тағайындалды

    ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен және облыс әкімінің өкімімен облыс әкімінің энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және ТЖ мәселелері бойынша орынбасары қызметіне осыған дейін Саран қаласының әкімі лауазымында болған Анатолий ШКАРУПА тағайындалды.

А.Шкарупа 1975 жылы Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданының Есік қаласында дүниеге келген. Жоғары білімі бар. Алматы энергетика және байланыс институтын тәмамдаған. Мамандығы бойынша – инженер-экономист.

Еңбек жолын 1998 жылы «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы «КЕGOС» ЖАҚ-да бастаған. Онда жетекші маман қызметінен департамент директорының орынбасары лауазымына дейін көтерілген.

2005 жылдан 2013 жылға дейін мемлекеттік қызметте болған. Электр және жылу энергетикасы саласын реттеу және бақылау департаментінің басшысы қызметін, соңынан ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттік төрағасының орынбасары қызметін атқарған. «ТКШ жаңғырту және дамыту Қазақстандық орталығы» АҚ басқарма төрағасы болған. 2014 жылдың қараша айынан бастап Саран қаласының әкімі лауазымына тағайындалған.

ҚР Құрмет грамотасымен марапатталған.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button