Бас тақырыпБілім

Облыс әкімі «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында қалада салынып жатқан нысандарды тексерді

Аймақ басшысы Ермағанбет Бөлекпаев кеше Қарағандыдағы жайлы мектептер салынып жатқан құрылыс алаңдарына барып қайтты. Бұл туралы облыс әкімі өзінің Facebook парақшасында жазды. Биыл өңірде барлығы 18 заманауи мектеп салынбақ.

Суреттер: Облыс әкімінің әлеуметтік желідегі парақшасынан

– Біздің өңірде барлығы 18 заманауи білім ордасы салынады. Олардың оны өткен жылысалына бастады. Оның ішінде төртеуі Қарағандыда бой көтереді. Қазіргі уақытта бұл нысандарда құрылыс жұмыстары жалғасуда.

Қалған сегіз мектепке келетін болсақ, құрылысты бастау үшін жер учаскелерін ресімдеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Мектептерге арналған орындар қолжетімділік талаптары мен оқушы орындарының нақты жетіспеушілігін ескере отырып таңдалды.

Жаңа білім орындарының салынуы біздің өңірде білім беру сапасын арттырудағы маңызды қадам болмақшы, – деп жазды аймақ басшысы.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА, 

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button