Облыс әкімі Ерлан Қошанов халықпен кездеседі

Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары!

22 ақпанда сағат 15.00-де Кеншілер мәдениет сарайында Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошановтың халықпен жыл сайынғы есептік кездесуі өтеді.

Іс-шара барысында Ерлан Қошанов өткен жылдың қорытындысын шығарады, тұрғындардың сұрақтарына жауап береді. Сондай-ақ, облысты одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2019 жылға арналған жоспарлары туралы баяндайды.

Облыс тұрғындары өздерінің шағымдары мен ұсыныстарын теміржол вокзалының күту залында, «Шығыс» базарының №8 дүкенінде, «Арай» базарының №7 дүкенінде, «Горняк» базарының екінші қабатында орналасқан арнайы жәшіктерде қалдыра алады. Бұдан бөлек, 42-11-90 жедел желісі жұмыс істейді. Хат жолдаған тұрғын аты-жөнін, мекенжайын және байланыс телефонын көрсетуі қажет.

Есептік кездесу Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты (karaganda-region.gov.kz) арқылы онлайн режимде көрсетілетін болады.

Қарағанды облысының әкімдігі.