Референдум

Оң өзгерістен үмітті

Қарағандыдағы 15-ші ықшам ауданның аумағы үлкен, тұрғындар саны көп болғандықтан, 3 учаскеге бөлінген. №№136, 137, 138 референдум учаскелері қызу жұмыс істеп жатыр.


– Біздің №136 учаскеге 15-ші ықшам ауданның 15 тұрғын үйі бекітілген. 2195 дауыс берші тұрғынымыз бар. Өз таңдауларын жасап жатыр және өте белсенді. Біз өз міндетімізді атқарып, тұрғындарға тік тұрып, қызмет көрсетіп жатырмыз, – дейді №136 учаске төрағасы Гүлзада Маженова.
Келіп, дауыс беріп, кетіп жатқан тұрғындардың да референдумнан қандай өзгерістер күтетінін білгіміз келіп, сұрақ қойдық. Олар да ойларын бүкпей, ашық айтып жатты. Дені еліміз үлкен өзгеріс алдында, оң жетістіктер алдында тұрғанына сенімді.

Жәлел ШАЛҚАР.

Басқа материалдар

Back to top button