Қоғамдық көлік жүргізушісі қылмыстық жауапкершіліктен босатылды
Қарағанды облысының полиция департаментінің бастығы Санжар Әділов өткен жылдың қарашасында ер адамды қағып кеткен автобус жүргізушісінің тағдыры туралы айтып берді.
Қоғамдық көлік ішіндегі және көше бақылау камераларынан алынған жазбалар жаяу жүргіншінің көп тонналық аутобустың дөңгелегі астына әдейі түскенін растады. Автобус жүргізушісінің көлікті тежеуге ешқандай мүмкіндігі болмаған. Қарағандылықтар полицейлерден бұл оқиғаны объективті түрде қарастырып, жүргізушіні қылмыстық жауапкершіліктен босатуды сұраған болатын. Санжар Әділов бұл қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталғанын мәлімдеді.
– Бұл оқиға 2023 жылдың қарашасында болды. Автобус жүргізушілерінің бірі жол-көлік оқиғасын жасады. Осы категория бойынша тергеу алгоритмі бойынша біз қажетті автокөлік техникалық сараптамалары мен тергеу экспериментін жүргіздік. Бұл апаттың бейнежазбасы серверден алынды. Қажетті тергеу әрекеттерінің нәтижесінде, сондай-ақ сот-медициналық сараптамалардың қорытындысына сүйене отырып, тергеу автобус жүргізушісінің жол-көлік оқиғасының және жаяу жүргіншімен соқтығысудың алдын алуға мүмкіндігі болмағаны туралы қорытындыға келді. Прокуратурамен келісе отырып, бұл қылмыстық іс ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының негізінде қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылды, – деді Санжар Әділов.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ