Жаңалықтар

Оңалту ісінде – оң нәтиже

Бұл күнде қазақ елі мемлекеті әлеуметтік салаға және халық денсаулығына ерекше көңіл бөліп отыр. Өйткені, адамдардың денсаулығы, ғұмыр жасының ұзақ болуы, әлеуметтік тұрмыс жағдайы басты орында.

Әсіресе, мүмкіндігі шектеулі балалардың құқығын қорғау, әлеуметтік жағдайын және денсаулығын жақсарту оларға қазіргі заманға сай сапалы әлеуметтік қызмет түрлерін ұсыну, енгізу, мемлекеттік деңгейде көтеріліп отырған мәселенің бірі болып отырғаны айқын.

Сондай  әлеуметтік мекеменің бірі – «Қарағанды облысының балаларға арналған психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесі».

Аталмыш мекеме  1977 жылдан бастап құрылған. Бұл мекемеде мүмкіндігі шектеулі балалар 3 жастан бастап 18 жасқа дейін тәрбиеленуде.

Әлеуметтік және медициналық оңалту шаралары арнаулы әлеуметтік қызметтер стандартына сәйкес 8 бағытта: әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік- психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік – құқықтық, әлеуметтік-экономикалық  және әлеуметтік-тұрмыстық қызмет бойынша жүзеге асырылуда.

Мекемеде әр түрлі дәрежедегі ақыл-ой кемістігі бар 230 бала денсаулық жағдайына, жасы, жынысы және психологиялық үйлесімділігіне қарай топтарға бөлініп орналасқан. Әр топта 35-40 бала тәрбиеленіп, түзету, оңалту шаралары ұйымдастырылуда.

2009 жылы «Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінің тізбесі. Халықты әлеуметтік қорғау саласында   арнаулы әлеуметтік қызметтер стандарты» бекігеннен кейін мекемеде педагогикалық штат ұлғайтылып, бірнеше түзету мамандары мен педагогтар, атап айтсақ: әлеуметтік қызметкер, мұғалім дефектолог, логопед, психолог, еңбек нұсқаушысы және басқа  мамандар жұмыс атқаруда.

Балалардың кешенді оңалуы үнемі бірлесіп әрекет жасайтын медициналық, әлеуметтік, педагогикалық, психологиялық – төрт қызметтің негізінде атқарылады.

2011 жылдан бастап арнайы әлеуметтік бағдарлама негізінде мемлекеттің қолдауымен 60 балаға арналған «Жартылай стационарлық үлгідегі бөлім» ашылып,  қазіргі таңда халыққа, оның ішінде қоғамда ерекше бала тәрбиелеп отырған  ата-аналарға тигізген пайдасы өте  зор. Жартылай стационарлық үлгідегі бөлімде   мүмкіндігі шектеулі  1,5  жастан, 18 жасқа дейінгі толыққанды отбасында тәрбие алып жатқан бүлдіршіндер мемлекет тарапынан, әлеуметтік және медициналық оңалту шараларын арнаулы қызметтер стандартына сәйкес қызмет алуда.

Жартылай стационарлық үлгідегі бөлімнің негізгі міндеті – науқас балалардың тірек-қимыл аппарат қозғалыстарының ақауларын түзету, оңалту,  ұсақ моторика элементтерін қолдану, бала  денсаулығын жақсарту, әр түрлі қызықты ойын түрлерін ұйымдастыру, олармен бірге мерекелік іс-шаралар өткізу, қажет кезінде психологиялық, медициналық, әлеуметтік  көмек көрсету арқылы жалпы денсаулықтарын сауықтыру бағытында жан-жақты жұмыстар атқарылуда.

Әлеуметтік-медициналық қызметті дамыту үшін емхана дәрігерлері берген нұсқаулықтарды біздің мамандар ата-аналардың қолхаттары бойынша күндізгі бөлімде қан жолдары, ноотроптар, «В» жиынтығының витаминдерін қоса отырып, кәсіби емшара жүргізіледі. ЕДТ нұсқаушысының жұмысында тренажерлар: «мотомед», «вертикализатор», құрғақ бассейн, жүруге арналған сүйеніш, ортопедиялық әткеншек және басқа тәсілдер әрдайым пайдаланылады.

Қызмет алушыларды күн сайын медбике мен әлеуметтік жұмыс жөніндегі мамандардың көмегімен күндізгі бөлімге жинап, кешкісін үйлеріне көлікпен жеткізіледі.

Бөлімде баланы оңалту, түзете-тәрбиелеу жолындағы барлық мамандар ата-анамен тығыз байланыста, бірлесе жұмыс атақарады. Бірлесе жұмыс атқарылғанның мақсатында, ата-аналардың да, әлеуметтік жағдайына мемлекеттің тигізіп отырған пайдасы өте зор. Себебі, ауыр тағдырлы баласына алаңдаулы ата-ана, бауыр еті баласының таңнан кешке дейін сенімді қолда екеніне көзі жетіп, жеке тұрмыстық-тіршілік жағдайы жақсарып, жұмысқа  шығуға мүмкіншілік алды.

А. Аманбеков,

«Қарағанды облысының балаларға арналған

психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесі» директоры.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button