Жаңалықтар

Нысан құрылысы – бақылауда

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Асылбек ДҮЙСЕБАЕВ жұмыс сапарымен Абай ауданында болды.

Жұмыс сапары барысында аймақ басшысының бірінші орынбасары биылғы жылы 45 орындық балабақша үшін қайта ұйымдастыру жоспарланған бұрынғы балалар санаториіндегі жұмыс барысымен танысты.

Келесі кезекте – Школьная көшесі бойындағы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымы болды. Жер телімдерін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мәселесі – Абай ауданындағы өзекті мәселелердің бірі. Ұлттық қор мен Абай қаласының бюджеті есебінен 2 шақырымға тарта су құбыры желісі, 1,7 шақырым жылу желілері, 1,3 шақырымға электр желілері және 0,6 шақырым байланыс тартылуда.

Абайлық ардагерлер мен шахтерлердің үндеуі арқылы Елбасының тапсырмасымен салынып жатқан жабық бассейн де сапар кезінде назардан тыс қалған жоқ. Жоба бойынша бір ауысымда 48 адамды қабылдау көзделуде.

А.Дүйсебаев жауапты органдарға құрылысты келесі жылы аяқтау үшін қаржы қарастыруды тапсырды. Нысанда болған құрметті ардагер, Президентке жазылған хат авторларының бірі – Н.Дудкин облыс басшылығын өскелең ұрпақтың денсаулығына қамқорлығы мен әлеуметтік жобаларға қолдау көрсеткендері үшін алғысын білдірді.

Жабық бассейн Абайлықтар үшін тамаша сый болмақ. Жасына да, жасампазына да қай жағынан болсын пайдалы болатын судағы жаттығулар дені сау ұрпақтың өсуіне, сол ұрпаққа өнеге көрсетер үлкеннің денсаулығын жақсартуға да әсері болатыны анық, – дейді ардагер. Жұмыс сапары соңында облыс әкімінің бірінші орынбасары жергілікті ұйым басшыларымен кеңес өткізді. Кеңес барысында жоспардағы құрылыс нысандарының әрқайсысына жеке-жеке тоқталып, олардағы жұмыстарды назардан тыс қалдырмауды басты назарда ұстау керектігін айтты. Нақты тапсырмалар беріп, Абай ауданының автожолдарына жөндеу жұмыстарын жүргізу мен орталық саябақты қайта жаңғырту үшін мақсатты трансферт қарастыруды жүктеді.

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button