Бас тақырыпПрезидент
“Nur Otan” съезінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасы ұсынылды
«Nur Otan» партиясы Президент сайлауына қатысу үшін Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды.
Бүгін елордамызда ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХІХ съезі өтіп жатыр. Съезге барлық деңгейдегі депутаттар, саяси кеңес мүшелері, партия ардагерлері, өңірлік филиалдардың өкілдері және “Жас Отан” жастар қанатының белсенділері қатысты.