Ө­нертапқыш өрендер

   Қарағанды медициналық университетінің студенттері сал ауруына шалдыққандар үшін экзоқаңқа ойлап тауып, мамандардың таңданысын тудырды. Олардың айтуынша, арнайы костюм Павлодарда өткен Мейкатон марафонына әзірленген.

Тірек-қимыл аппараты бұзылған  жандардың тұрмысын жақсартуға арналған экзоқаңқаны жасау барысында студенттер аяқ — қолы істемей қалған науқастармен жиі жолығып, олардың қозғалуына ыңғайлы мүмкіндікті терең зерттеген. Костюмнің ерекшелігі – науқас­тың өзінің жүріп-тұруына мүмкіндік береді. Студенттер тұңғыш туындыларын сал ауруына шалдыққан адамға сыйлапты.

ҚММУ студенті Вячеслав Литвинов аталмыш экзоқаңқаға тағы қосымша қызметтерді қосып, жетілдіретіндерін айтты.

ӨЗ ТІЛШІМІЗДЕН.

 

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Өнертапқыш өрендер

  Қарағандылық студенттер 3D принтерін жасап шығарды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Студенттер жасаған 3D принтер америкалық баламадан жеті есе арзан тұрады.

Қазір Қарағанды политехникалық колледжінде 16 мамандық бойынша 5 мың студент білім алып жүр. Бес жыл бұрын білім ошағы дуальды білім беру жүйесіне көшкен болатын. Соның арқасында түлектердің 80 пайызы бірден жұмысқа орналаса алады.

«Біздің орталықта студенттер ойлап тапқан заманауи құрылғылар көп. Бізде автоматтандырылған қойма бар, онда толық контроллер арқылы жұмыс жасауға болады. Жүк тасымалдайтын лифт бар. Қазіргі өндіріс ошақтарында барлық жүйе автоматтандырылған, сондықтан, бұл ойлап тапқан құрылғыларды патенттеп алуды көздеп отырмыз», – деді қалалық политехникалық колледжі директорының ақпараттық технологиялар бойынша орынбасары Рамазан Қалиев.

Өз тілшімізден.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.