Жаңалықтар

Некеге тіркеу мерзімі қысқарады

Қазақстанда некені тіркеу мерзімі екі есе қысқартылады. Мұндай жаңашылдық Әділет министрлігінің жаңа бұйрығында көзделген. Министрліктің осы жылдың 28 шілдесінде қол қойған бұйрығына сәйкес, некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) тілек білдірген адамдардың келісімі бойынша тіркеуші орган некені тіркеу күнін тағайындайды.

Бұл туралы өтініште, сондай­-ақ, өтініштерді есепке алу журналында белгі қойылады. Неке бірлескен өтініш берілгеннен кейін келесі жұмыс күні­ нен бастап есептелетін күнтізбелік он бесінші күні тіркеледі.

Егер мерзімнің аяқталуы жұмыс күніне тура келмесе, онда одан кейінгі жұмыс күні мерзімнің аяқталған күні болып есептеледі.

Дегенмен, тіркеуші орган бастығы­ ның шешімімен неке келесі жағдай­ларда 15 күнге дейін қиылуы мүмкін: жүктілік, баланың тууы, тараптардың бірінің өміріне тікелей қатер төнуі және басқа да ерекше мән­жайлар. Барлығы құжат жүзінде расталуы тиіс. Тіркеуші орган бастығы некеге тұру мерзімін ұзарта да алады. Бірақ ол күнтізбелік он бес күннен аспауға тиіс.
«Жекелеген жағдайларда неке қи­юды мемлекеттік тiркеудi күту мерзiмi неке қиюды мемлекеттік тiркеуге ке­дергi келтіретін мән­жайлар болған кезде ғана тіркеуші органның бастама­сы бойынша ұзартылуы мүмкiн. Күнтіз­ белік он бес күнді қысқарту туралы немесе ұлғайту туралы рұқсатты тіркеуші органның бастығы, ал ол болмаған кезде оның мiндетiн атқарушы адам неке қию туралы өтінішке қарар түрін­ де бередi», ­– делінген құжатта. Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қол­данысқа енгізіледі.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button