«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Өнегелі ұрпақ» апталығы басталды. Апталық аясында А.Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлық-техникалық колледжінің «Жігер» студенттік парламентінің еріктілері зейнеткерлердің аулаларын қоқыстан тазартып берді.

Бұған дейін аталған білім ордасының студенттері жаппай сенбілікке шығып, оқу орынының айналасын тазартқан болатын. Енді, міне, зейнеткерлерге қол ұшын созып, акцияға өзіндік үлес қосуда.
Ербол ЕРБОЛАТ,
САРАН.
Ortalyq.kz