Басты тақырыпТеміртау

Өндірістік желілер жаңғыртылуда

   2017 жылы ыстық мырыштау және алюминдеу цехтарының өндірістік желілері жабдықтарын жаңартуға «АрселорМиттал Теміртау» АҚ шамамен 5 миллион АҚШ доллары көлемінде қаржы жұмсаған. 2018-2019 жылдардың жоспарларына сәйкес жаңғырту жалғасты болады. Бұл туралы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ баспасөз қызметі хабарлайды.

«Биылғы жылы дайын өнімнің сапасын жақсартуға, өндірістік желіні, жабдықтардың жұмыс сенімділігін арттыру мен экологияға келеңсіз әсерді төмендетуге бағытталған 8 инвестициялық жоба бар. Олардың қатарында,  мырыштау ваннасының қаптамасын толық ауыстыру, өнім сапасын жақсарту,  шығын материалдарының көлемін айтарлықтай азайту және экологиялық жүктемені 100% кеміту есебінен зиянды компоненттерді кәдеге жарату, пассивтеудің жаңа жүйесін орнату, электрстатикалық типтегі жаңа майлау машиналарын монтаждау, кәсіпорынның мырышталған металл өнімдерінің сапасын арттырудың  ірі жобалары бар» дейді баспасөз қызметі. Цехты техникалық қайта жабдықтауда жұмыс бірнеше жыл бойы жүргізілуде. 2016 жылы ыстық мырыштау және алюминдеу цехтарының өндірістік желілерін жаңарту инвестициясы 4 миллион доллардан асқан.

Вадим БАСИН, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ атқарушы директоры:

–  «АрселорМиттал Теміртау» ком­паниясы жыл сайын кәсіпорынның негізгі қорларын жаңғырту бойынша ауқымды жұмыс жүргізеді. Соңғы бірнеше жыл ішінде инвестициялық бағдарлама аясында үш домна пеші қайта қалпына келтіріліп, күрделі жөндеуден өтті. Екі агломашина жаңартылды, кокс-химия өндірісінің машиналары ішінара ауыстырылды. Қазіргі уақытта компанияда илектеу қайта бөлуді жаңғыртуға бағытталған ұзақ мерзімді инвестициялық бағдарламаны іске асыру қолға алынған. Қолданыстағы технологиялық қуаттарды жаңарту және қайта жаңғырту жабдық жұмысының сенімділігі мен қауіпсіздігін жақсартады. Кәсіпорын үшін экономикалық тиімді өнімнің жаңа түрлерін өндіру міндетін шешеді. Металл өнімдерінің сапалық параметрлерін жақсартуға және өндіріс көлемін ұлғайтуға қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Қызғалдақ АЙТЖАНОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button