Covid-19

Міндетті вакциналау мерзімі кейінге шегерілді

Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан БАЙТАНАЕВ 15 шілдеден бастап вакциналау статусы тексерілмейтінін айтты. Әйтпесе, бұған дейін қабылданған Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулысы бойынша қызмет көрсету саласының қызметкерлері 15 шілдеге дейін вакцинаның бірінші компонентін алуға міндеттелген еді.

Қарастыру мерзімі 19 шілдеге дейін. 19 шілдеден кейін қызмет көрсету саласы үшін вакциналау мерзімін ұзартудың жаңа алгоритмі белгілі болады. Кеше ВАК міндетті вакцинация мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдады. Мемлекеттік органдар мәселені қарап, қызмет көрсету саласының қызметкерлері үшін ұсыныстар енгізеді, – деді ресми өкіл.

Бұған дейін Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен COVID-19 таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау мәселесі қаралған. Оның ішінде, осы шағын және орта бизнес қызметкерлерін вакциналаудың нақты мерзімін белгілеу туралы мәселе де бар.

Басқа материалдар

Back to top button