Шет

Мешіттегі жазғы лагерь

    Қасиетті рамазан айында Ақсу-Аюлыдағы Жанғұтты би мешітіне бас сұқтық. Наиб-имам Зәмірбек ақсақал мешіттің тыныс-тіршілігімен таныстырды.

Мешіттің жазғы лагеріне келетін балалар саны қалың екен. Ұстаздары Елшат Аманжол – Астананың Отырар медресесінде оқитын жігіт.

Соңғы жылдары дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан бұл жазғы лагерьге 50 бала жиналған. Жұмысы 2-3 аптаға созылатын жазғы лагерьге, негізінен, 3-8 сыныптар арасындағы балалар келеді. 3 топқа бөлініп оқитын шәкірттер жас ерекшеліктеріне қарай дінтану, әдеп, құран, хадис негіздерінен білім алады. Араб әліпбиін жазбаша да, ауызша да үйренеді. Қыз балалар бөлек оқытылады.

«Баланың аты бала емес пе, сабақ арасында үзіліс беріп, бір мезгіл ойнатамыз, спорттық ойындар мен жаттығулар жасатамыз. Түскі астарын мешіттің асханасынан ішеді», – деді Елшат молда.

Мешіт имамы Берік қажы балалармен кездесіп, алғашқы сабағын өткізді. Оқу бағдарламасында оқушылар тарихи орындарға саяхат жасап, аудан орталығындағы мұражай мен мәдени ошақтарға барады.

Ертай ЖӘНІБЕКОВ,

аудан әкімінің баспасөз хатшысы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button